"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 152-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
      2. Мемлекеттік органдар:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің    
2011 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 152-ө өкімімен     
бекітілген        

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық
салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі
Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с

Нормативтік құқықтық
актінің атауы

Акт нысаны

Орындалуына
жауапты
мемлекеттік
органдар

Орындалу
мерзімі

1

2

3

4

5

1.

«Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалған, «Еркiн қойма» кеден режимi қолданылатын аумақта өндiрiлген және Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлiгiне сатылатын, сату бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылатын қазақстандық тауарлардың тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 355 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ

2011 жылғы желтоқсан

2.

Еркiн қойма аумағында өндірілген және осы аумақтан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлiгiне сатылатын, сату жөніндегі айналымы қосылған құн салығынан босатылатын тауарлар тiзбесiн бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ

2011 жылғы желтоқсан

3.

Еркін қойма аумағында өндірілген және еркін қойма иесі Қазақстан Республикасының аумағына сататын, сату жөніндегі айналымы қосылған құн салығынан босатылатын тауарлар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ

2011 жылғы желтоқсан

4.

«Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы


Қаржымині, ЭДСМ

2011 жылғы желтоқсан

5.

Қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту жөніндегі өтініш нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2011 жылғы желтоқсан

6.

Қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда тауарлар импорты бойынша есепке жатқызу әдісімен төленуге жататын қосылған құн салығы сомасын көрсету жөніндегі міндеттеме нысанын бекіту және оның мақсатты пайдаланылуы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2011 жылғы желтоқсан

7.

Кеден одағына мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығының төленуін қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2011 жылғы желтоқсан

8.

Қазақстан Республикасы салық қызметі органдарының кодтарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2011 жылғы желтоқсан

9.

«Тауарларды еркін қойма кедендік рәсімінде еркін қойма аумағында өндірген және осы аумақтан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне өткізген кезде олардың сәйкестік өлшемдері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 қарашадағы № 1178 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ

2011 жылғы желтоқсан

10.

«Негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, өзара байланысты тұлғалардың пайдасына не өзара байланысты тұлғалардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар заңды тұлғалардың тізбесін, оны қалыптастыру ережесін және активтер мен шартты міндеттемелерді күмәнді және үмітсіз санатқа жатқызу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2275 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭДСМ, Қаржымині, «Самұрық- Қазына ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

2011 жылғы желтоқсан

11.

Негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, өзара байланысты тұлғалардың пайдасына не өзара байланысты тұлғалардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар заңды тұлғалардың тізбесін, оны қалыптастыру қағидасын және провизияларды (резервтерді) құру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭДСМ, Қаржымині, «Самұрық- Қазына ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

2011 жылғы желтоқсан

12.

Бiрiктiрiлген көрсеткiш пен кредиттер бойынша кешiрiлген үмiтсiз берешектiң жалпы сомасының бiрiктiрiлген көрсеткiшке ең жоғары арақатынас мөлшерiн, есептік көрсеткіш пен оның мөлшерін айқындау тәртібін, үмiтсiз берешектi кешiру негіздері мен тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ

2011 жылғы желтоқсан

13.

«Акциздік қосындардың қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 464 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Бұйрық 

Қаржымині

2011 жылғы желтоқсан

14.

«Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 637 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Бұйрық 

Қаржымині

2011 жылғы желтоқсан

15.

«Қосылған құн салығын төлем мерзімін өзгерту жөніндегі өтініш нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 632 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Бұйрық

Қаржымині

2011 жылғы желтоқсан

16.

«Тауарлардың импорты бойынша есепке алу әдісімен төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасын қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсету бойынша және оларды мақсатты пайдалану туралы міндеттеменің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 627 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Бұйрық

Қаржымині

2011 жылғы желтоқсан

17.

«Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың импорты бойынша есепке алу әдісімен төлеуді қолдану ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 349 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Бұйрық

Қаржымині

2011 жылғы желтоқсан

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
      ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
      Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады