"Халықаралық сауда" индикаторы бойынша Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингісінің көрсеткіштерін жақсарту жөнінде кедендік реттеуге байланысты ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 25 шілдедегі N 132-ө Өкімі

      «Халықаралық сауда» индикаторы бойынша Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтінгісіндегі Қазақстан Республикасының ұстанымын жақсарту мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Орынбаев
Ербол Тұрмаханұлы

-

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары,
жетекшi

Дәленов
Руслан Ерболатұлы

-

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, орынбасары

Әмiрханұлы
Уәлихан

-

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кірістерді талдау және салық және кеден заңнамасы мәселелерін үйлестіру департаментінің директоры, хатшы

Бекетаев
Марат Бақытжанұлы

-

Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің жауапты хатшысы

Жақсылықов
Тимур Мекешұлы

-

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Бектұров
Азат Ғаббасұлы

-

Қазақстан Республикасының Көлік
және коммуникация вице-министрі

Жамаубаев
Ерұлан Кенжебекұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің Үйлестіру
департаментінің директоры
(келісім бойынша)

Ертілесова
Жаннат Жұрғалиқызы

-

Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы басқарушы кеңесінің төрайымы (келісім бойынша)

Әмірин
Ғұсман Кәрімұлы

-

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендік бақылау комитетінің төрағасы

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 11.10.2013 № 166-ө өкімімен.

      2. Жұмыс тобы 2013 жылғы желтоқсанға дейінгі мерзімде «Халықаралық сауда» индикаторы бойынша Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингісінің көрсеткіштерін жақсарту жөнінде кедендік реттеуге байланысты ұсыныстар әзірлеуді қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 11.10.2013 № 166-ө өкімімен.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Т. Орынбаевқа жүктелсін.

      Премьер-Министр                               К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады