Эстония Республикасының Премьер-Министрі Андрус Ансиптің Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 6 қыркүйектегі № 162-ө Өкімі

      Эстония Республикасының Премьер-Министрі Андрус Ансиптің Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын дайындау және өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2012 жылғы 5 – 8 қыркүйекте Астана және Алматы қалаларында Эстония Республикасының Премьер-Министрі Андрус Ансиптің Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын (бұдан әрі – сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес «1+10» форматы бойынша Эстония Республикасының ресми делегациясының мүшелеріне жоғары деңгейде қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2012 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету», 003 «Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Эстония Республикасының ресми делегациясы мүшелерінің Астана және Алматы қалаларының әуежайларында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Эстония Республикасы Премьер-Министрі Андрус Ансиптің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшуын, Астана және Алматы қалаларының әуежайларында қонуын және одан ұшып шығуын;
      2) Астана және Алматы қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің және/немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан қабылдаулар (бейресми қабылдаулар) кезінде концерттік бағдарламалар ұйымдастырсын;
      2) сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін.
      6. Астана және Алматы қалаларының әкімдігі Эстония Республикасының ресми делегациясын Астана және Алматы қалаларының әуежайларында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайды және көшелерді безендіруді, баратын орындарға бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламалары ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      7. Алматы қаласының әкімдігі Эстония Республикасының Премьер-Министрі Андрус Ансиптің құрметіне қабылдау ұйымдастырсын.
      8. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Эстония Республикасының Премьер-Министрі Андрус Ансип сапарының бағдарламасына сәйкес қатыссын.
      9. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Эстония Республикасының ресми делегациясын Астана және Алматы қалаларының әуежайларында қарсы алу және шығарып салу кезінде тиісті жәрдемді қамтамасыз етсін.
      10. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2012 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 162-ө өкіміне  
қосымша       

Эстония Республикасының ресми делегациясы мүшелерін
қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету жөніндегі
ұйымдастыру шаралары

      1. Эстония Республикасы ресми делегациясының мүшелерін (1+10 форматы бойынша) және Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана және Алматы қалаларындағы қонақүйлерде орналастыру.
      2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      3. Эстония Республикасының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана және Алматы қалаларының әуежайларында шай дастарханын ұйымдастыру және гүлмен безендіру.
      4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың атынан және/немесе Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовтың атынан Астана және Алматы қалаларында Эстония Республикасының Премьер-Министрі Андрус Ансиптің құрметіне қабылдау (таңғы, түскі, кешкі астар) ұйымдастыру.
      5. Делегация басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      6. Астана және Алматы қалаларында іс-шаралар өтетін орындарды гүлмен безендіру.
      7. Астана және Алматы қалаларында ресми делегация мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға көліктік қызмет көрсету.
      8. Астана және Алматы қалаларында ресми делегацияның мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады