"Алматы қаласында 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиаданы дайындау мен өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 86-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 12 қарашадағы № 209-ө Өкімі

      «Алматы қаласында 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиаданы дайындау мен өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 86-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген Алматы қаласында 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиаданы дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамына мыналар енгізілсін:

Ахметов                     - Қазақстан Республикасының
Серік Нығметұлы               Премьер-Министрі, төраға

Әбдішев                     - Қазақстан Республикасының
Бауыржан Түйтеұлы             Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі

Төлеушин                    - Қазақстан Республикасының
Қаныш Аманбайұлы              Индустрия және жаңа технологиялар
                              вице-министрі;

      көрсетілген құрамнан Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов, Мирлан Бегежанұлы Мұхамбетов, Әсет Өрентайұлы Исекешев шығарылсын.

      Премьер-Министр                            С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады