"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын одан әрі дамыту және басқару бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 22 мамырдағы 107-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 14 қарашадағы 211-ө Өкімі

      «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын одан әрі дамыту және басқару бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 107-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармаққа:

Мүтәліпов                - Қазақстан Республикасы Спорт және дене
Жәнібек Қайриденұлы        шынықтыру істері агенттігі Спорт
                           инфрақұрылымы және ойын бизнесін
                           үйлестіру департаменті директорының
                           орынбасары

Оспанов                  - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Асылхан Зейноллаұлы        Үйлестіру департаменті директорының
                           орынбасары (келісім бойынша)

Борамбаева               - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Айсұлу Қасенқызы           Салық комитеті Салық заңнамасын түсіндіру
                           және жетілдіру басқармасының бастығы

Азтаева                  - Қазақстан Республикасы Спорт және дене
Назгүл Мырзағалиқызы       шынықтыру істері агенттігінің
                           Стратегиялық даму департаменті
                           нормативтік құқықтық қамтамасыз ету
                           басқармасының бас сарапшысы енгізілсін;

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жұмыс тобы 2013 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде «Қорғас» ШЫХО-ны одан әрі дамыту және басқару жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешевке жүктелсін.».

      Премьер-Министр                            С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады