2013 жылы Қазақстан Республикасында республикалық және халықаралық жарыстарды дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 14 наурыздағы № 49-ө өкімі

      1. Қоса берiлiп отырған 2013 жылы Қазақстан Республикасында республикалық және халықаралық жарыстарды дайындау мен өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң құрамы бекiтілсiн.
      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi спорт түрлерi бойынша тиiстi федерациялармен келiсiм бойынша республикалық және ресми халықаралық жарыстарды (бұдан әрi – жарыстар) дайындауды және өткiзудi қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жарыстардың өткізілу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жария етуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіпті қорғауды, ресми адамдар мен жарыстарға қатысушылар тұратын және жарыстар өтетін жерлерде олардың қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi жарыстарға қатысушылар тұратын және жарыстар өтетін жерлерде оларға медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі ұйымдастырушы ұсынған жарысқа қатысушылардың келу-кету кестесіне сәйкес жарыстарға қатысушыларға теміржол, әуе және автомобиль көлігінде орындарды брондауды қамтамасыз етсін.
      7. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің шақыруымен Қазақстан Республикасында өтетін жарыстарға жіберілетін қатысушы шетелдіктерге визалық қолдау көрсетсін және визалар беруді жүргізсін.
      8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес спорттық жабдықтарды және мүкәммалды кедендік тазартуды қамтамасыз етсін.
      9. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                             С.Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің   
2013 жылғы 14 наурыздағы
№ 49-ө өкімімен    
бекітілген      

2013 жылы Қазақстан Республикасында республикалық және
халықаралық жарыстарды дайындау мен өткізу жөніндегі
ұйымдастыру комитетінің құрамы

Қожағапанов            - Қазақстан Республикасы Спорт және дене
Ерлан Тоқтарханұлы       шынықтыру істері агенттігінің төрағасы,
                         төраға

Қанағатов              - Қазақстан Республикасы Спорт және дене
Елсияр Баймұхамедұлы     шынықтыру істері агенттігі төрағасының
                         орынбасары, төрағаның орынбасары

Арын                   - Павлодар облысының әкімі
Ерлан Мұхтарұлы

Есімов                 - Алматы қаласының әкімі
Ахметжан Смағұлұлы

Қожамжаров             - Ақмола облысының әкімі
Қайрат Пернешұлы

Мұсаханов              - Алматы обласының әкімі
Аңсар Тұрсынханұлы

Сапарбаев              - Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Бердібек Машбекұлы

Жошыбаев               - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Рәпіл Сейітханұлы        министрлігінің жауапты хатшысы

Тұрғымбаев             - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Ерлан Заманбекұлы        министрінің орынбасары

Бектұров               - Қазақстан Республикасының Көлік және
Азат Ғаббасұлы           коммуникация вице-министрі

Қырықбаев              - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Арман Оразбайұлы         ақпарат вице-министрі

Шолпанқұлов            - Қазақстан Республикасының Қаржы
Берік Шолпанқұлұлы       вице-министрі

Байжүнісов             - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Ерік Әбенұлы             вице-министрі

Балаева                - Астана қаласы әкімінің орынбасары
Аида Ғалымқызы

Досымбетов             - Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада
Тимур Қамалұлы           комитетінің бас хатшысы (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің   
2013 жылғы 14 наурыздағы
№ 49-ө өкіміне     
қосымша        

2013 жылы Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін республикалық және халықаралық жарыстардың тізбесі  

Р/с

Іс-шаралар атауы

Өткізілу мерзімі

Өткізу орны

Жауаптылар

1

2

3

4

5

1.

Шахматтан Азия чемпионаты

наурыз

Астана қ.

СДШІА, Астана қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Шахмат федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

2.

Шахматтан әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты

наурыз

Астана қ.

СДШІА, Астана қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Шахмат федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

3.

Шаңғыда бағдарлаудан әлем чемпионаты

наурыз

Риддер қ.

СДШІА, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Спорттық бағдарлау федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

4.

Қол добынан жастар арасындағы (әйелдер командалары арасындағы) Азия чемпионаты

маусым

Алматы қ.

Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Қол добы федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

5.

Қол добынан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың кубогына халықаралық турнир

маусым

Алматы қ.

Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Қол добы федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

6.

Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты

05-12
маусым

Астана қ.

СДШІА, Астана қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Ауыр атлетика федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

7.

Жеңіл атлетикадан «Ғ. Қосановтың мемориалы» халықаралық турнирі

15-16
маусым

Алматы қ.

СДШІА, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Жеңіл атлетика федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

8.

Ашық суда жүзуден Азия чемпионаты

15-18
маусым

Алматы облысы  Қапшағай қ.

Алматы облысының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Су спорты түрлерінің федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

9.

Триатлоннан Азия кубогының 7-кезеңі

19-23
маусым

Бурабай қ., Ақмола облысы

СДШІА, Ақмола облысының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Триатлон федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

10.

Су добынан AASF Азия кубогы (әйелдер)

маусым- қыркүйек

Белгіленуі бойынша

Қазақстан Республикасының «Су спорты түрлерінің федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

11.

Су добынан AASF Азия кубогы (ерлер)

маусым- қыркүйек

Белгіленуі бойынша

Қазақстан Республикасының «Су спорты түрлерінің федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

12.

Бокстан Қазақстан Республикасы Президентінің кубогына халықаралық турнир

шілде

Алматы қ.

СДШІА, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Бокс федерациясы» ЗТБ (келісім бойынша)

13.

Ат спорты түрлерінен Қазақстан Республикасы Президентінің кубогына орталық Азия чемпионаты, әлем кубогы, халықаралық жарыстар

02-05
шілде

Астана қ.

СДШІА, Астана қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Ат спорты федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

14.

Триатлоннан Азия кубогының 8-кезеңі

03-07
шілде

Көкшетау қ.

СДШІА, Ақмола облысының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Триатлон федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

15.

Волейболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы

06-14
шілде

Павлодар қ.

СДШІА, Павлодар облысының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Волейбол федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

16.

Волейболдан «Гран-при»

12-19
тамыз

Алматы қ.

Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Волейбол федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

17.

Грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың кубогына халықаралық турнир

09-11
тамыз

Астана қ.

СДШІА, Астана қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Күрес федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

18.

Волейболдан ерлер командалары арасында Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы

22-30
тамыз

Алматы қ.

Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Волейбол федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

19.

Су добынан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты

Тамыз -қыркүйек

Алматы қ.

Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Су спорты түрлерінің федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

20.

Бодибилдинг пен пауэрлифтингтен Азия чемпионаты

Қыркүйек

Алматы қ.

СДШІА, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Бодибилдинг, фитнес, бодифитнес және пауэрлифтинг федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

21.

Қазақстан футболының 100 жылдығына арналған «Миллиондар кубогы» футболдан ақтық жарыстар

11-20 қыркүйек

Семей қ.

СДШІА, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, «Қазақстанның футбол федерациясы» қауымдастығы» ЗТБ (келісім бойынша)

22.

Еуразиялық жасөспірімдер спорттық ойындары

14-21
қыркүйек

Алматы қ.

СДШІА, Алматы қаласының әкімдігі

23.

Шаңғымен тұғырдан секіруден континенталдық әлем кубогы

15-20
қыркүйек

Алматы қ.

СДШІА, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Шаңғымен тұғырдан секіруден және шаңғы екісайысы федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

24.

Дзюдодан Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіне гран-при

28-29
қыркүйек

Алматы қ.

СДШІА, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Дзюдо федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

25.

Бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионаты

04-20
қазан

Алматы қ.

СДШІА, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Бокс федерациясы» ЗТБ (келісім бойынша)

26.

Стенд атудан Азия чемпионаты

04-16
қазан

Алматы қ.

Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Стенд ату федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

27.

Қазіргі бессайыстан Азия чемпионаты

15-30
қазан

Астана – Алматы қ.қ.

Алматы және Астана қалаларының әкімдіктері, Қазақстан Республикасының «Қазіргі бессайыс федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

28.

Коньки спортынан әлем кубогы

қараша

Астана қ.

СДШІА, Астана қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Коньки спорты федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

29.

Карате-додан Азия кубогы

14 желтоқсан

Алматы қ.

СДШІА, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Карате-до федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
СДШІА – Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері
        агенттігі
ҚБ    – қоғамдық бірлестік
ЗТБ   – заңды тұлғалар бірлестігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады