Қазақстан Республикасында "Шетелдік шоттарға салық салу туралы" Америка Құрама Штаттарының Заңын қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 15 наурыздағы № 50-ө өкімі

      Қазақстан Республикасында «Шетелдік шоттарға салық салу туралы» Америка Құрама Штаттарының Заңын қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Келімбетов             - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Қайрат Нематұлы          орынбасары, жетекші

Құсайынов              - Қазақстан Республикасының Экономика және
Марат Әпсеметұлы         бюджеттік жоспарлау вице-министрі,
                         жетекшінің орынбасары

Иралимов               - Қазақстан Республикасы Экономика және
Батырхан Мирамқанұлы     бюджеттік жоспарлау министрлігі Салық және
                         кеден саясаты департаменті директорының
                         орынбасары, хатшы

Тәжияқов               - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Бисенғали Шамғалиұлы     төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Жошыбаев               - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Рәпіл Сейітханұлы        министрлігінің жауапты хатшысы

Дәленов                - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы        вице-министрі

Аханов                 - Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының
Серік Ахметжанұлы        төрағасы (келісім бойынша)

Әбдікәрімова           - Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы
Жанар Мұратқызы          төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Боренштейн             - «Қазақстан Ситибанк» акционерлік қоғамының
Тимур Владимирович       басқарма төрағасының орынбасары, бақылаушы -
                         комплаенс (келісім бойынша)

Қарабаев               - «Қазақстан Халық банкі» акционерлік
Дәурен Сапарәліұлы       қоғамының басқарма төрағасының орынбасары
                         (келісім бойынша)

Россова                - «Қазақстан Халық банкі» акционерлік
Евгения                  қоғамының атқарушы директоры (келісім
                         бойынша)

Шаяхметов              - «Қазкоммерцбанк» акционерлік қоғамының
Ален Ринатович           атқарушы директоры (келісім бойынша)

      2. Жұмыс тобы 2013 жылғы 10 наурызға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасында «Шетелдік шоттарға салық салу туралы» Америка Құрама Штаттарының Заңын қолдану жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Н. Келімбетовке жүктелсін.

      Премьер-Министр                              С.Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады