Еуропа комиссиясының төрағасы Ж.М. Баррозудың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 88-ө өкімі

      Еуропа комиссиясының төрағасы Ж.М. Баррозудың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2013 жылғы 1-3 маусым кезеңінде Астана қаласында Еуропа комиссиясының төрағасы Ж.М. Баррозудың Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес «1+1+10» форматы бойынша Еуропа комиссиясының ресми делегациясы мүшелеріне жоғары деңгейде қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2013 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету», 003 «Республикалық деңгейдегі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Жекелеген азаматтар санатына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Еуропа комиссиясының ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Еуропа комиссиясының төрағасы Ж.М. Баррозудың арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайында қонуын және одан ұшып шығуын;
      2) Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі:
      1) Қазақстан Республикасының Президенті және/немесе Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі атынан қабылдаулар (бейресми қабылдаулар) кезінде концерттік бағдарламалар ұйымдастырсын;
      2) сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін.
      6. Астана қаласының әкімдігі Еуропа комиссиясының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын, әуежайды және көшелерді безендіруді, баратын орындарда бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламаларды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Еуропа комиссиясының төрағасы Ж.М. Баррозуды қарсы алу және шығарып салудың ресми рәсімдеріне қатыссын.
      8. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Еуропа комиссиясының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде тиісті жәрдем көрсетуді қамтамасыз етсін.
      9. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                       С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің  
2013 жылғы 30 мамырдағы
№ 88-ө өкіміне   
қосымша        

Еуропа комиссиясы ресми делегациясының мүшелерін қамтамасыз ету
және оларға қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Еуропа комиссиясы ресми делегациясының мүшелерін (1+1+10 форматы бойынша) және Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана қаласындағы қонақүйде орналастыру.
      2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары, амтомобильдерге арнайы рұқсаттама, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      3. Еуропа комиссиясының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру және гүлмен безендіру.
      4. Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенті және/немесе Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі атынан Еуропа комиссиясы төрағасының құрметіне қабылдаулар (таңғы, түскі, кешкі ас), бейресми қабылдаулар, сондай-ақ техникалық үстелдер ұйымдастыру.
      5. Еуропа комиссиясы ресми делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      6. Техникалық қамтамасыз ету, іс-шараларды өткізу орындарын тақырыптық және гүлмен безендіру.
      7. Еуропа комиссиясы ресми делегациясының басшысы мен мүшелеріне, сондай-ақ, оларға еріп жүретін адамдарға көліктік қызмет көрсету.
      8. Еуропа комиссиясы ресми делегациясының басшысы мен мүшелеріне, сондай-ақ, оларға еріп жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.
      9. Астана қаласының қонақүйінде екіжақты келіссөздер өткізу үшін залдарды жалға алу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады