Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Қазақстан Республикасында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісім жобасын дайындаудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 21 тамыздағы № 145-ө өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Қазақстан Республикасында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісім жобасын (бұдан әрі - Келісім жобасы) дайындау мақсатында:
      1. Қоса беріліп отырған Келісім жобасын дайындау жөніндегі
ведомствоаралық жұмыс тобының құрамы бекітілсін.
      2. Осы өкімге қосымшаға сәйкес Келісім жобасының баптарын
дайындауға жауапты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары бекітілсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешевке жүктелсін.

      Премьер-Министр                             С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің  
2013 жылғы 21 тамыздағы
№ 145-ө өкімімен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Қазақстан Республикасында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісім жобасын дайындау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының құрамы

Исекешев
Әсет Өрентайұлы          - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
                           орынбасары - Қазақстан Республикасының
                           Индустрия және жаңа технологиялар
                           министрі, жетекші

Ыдырысов
Ерлан Әбілфайызұлы       - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
                           министрі, жетекшінің орынбасары

 
Жантикин
Тимур Мифтахұлы          - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
                           технологиялар министрлігінің Атом
                           энергиясы комитеті төрағасының орынбасары,
                           хатшы

Қазыханов
Ержан Хозеұлы            - Қазақстан Республикасы Президентінің
                           көмекшісі (келісім бойынша)

Кравченко
Андрей Николаевич        - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының
                           орынбасары (келісім бойынша)

Әбдіқазымов
Қабдолкәрім Ратайұлы     - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
                           комитеті төрағасының орынбасары (келісім
                           бойынша)

Школьник
Владимир Сергеевич       - «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы»
                           акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
                           (келісім бойынша)

Баймолдина
Зәуреш Хамитқызы         - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
                           орынбасары
Сапаров
Оқас Базарғалиұлы        - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
                           министрінің орынбасары

Жақсалиев
Бақытжан Мұхамбетқалиұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және
                           жаңа технологиялар вице-министрі
Бектұров
Азат Ғаббасұлы           - Қазақстан Республикасының Көлік және
                           коммуникация вице-министрі

Дәленов
Руслан Ерболатұлы        - Қазақстан Республикасының Қаржы
                           вице-министрі

Ақсамбиев
Талғат Әбдіқайымұлы      - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
                           қорғау вице-министрі

Қырықбаев
Арман Оразбайұлы         - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
                           ақпарат вице-министрі

Петров
Валерий Викторович       - Қазақстан Республикасының Төтенше
                           жағдайлар вице-министрі

Жақсылықов
Тимур Мекешұлы           - Қазақстан Республикасының Экономика және
                           бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Кошелев
Владимир Леонидович      - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

Садықов
Барлыбай Кәрімұлы        - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
                           министрлігінің ерекше тапсырмалар
                           жөніндегі елшісі

Шәріпов
Мәжит Бейсембайұлы       - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
                           технологиялар министрлігі Атом энергиясы
                           комитетінің төрағасы

Байтұқбаев
Ерлан Ысқақұлы           - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
                           технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп
                           комитеті төрағасының орынбасары

Тен
Игорь Викторович         - Қазақстан Республикасы Қаржы
                           министрлігінің Кедендік бақылау комитеті
                           төрағасының орынбасары

Пірімқұлов
Ахметжан Әбдіжәмілұлы    - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
                           қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу
                           және бақылау комитеті төрағасының
                           орынбасары

Исетов
Арман Асқарұлы           - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
                           министрлігінің Халықаралық құқық
                           департаментінің директоры

Төребаев
Қайрат Қалмұқаметұлы     - Қазақстан Республикасы Экономика және
                           бюджеттік жоспарлау министрлігі
                           Халықаралық ынтымақтастық департаментінің
                           директоры

Жамаубаев
Ерұлан Кенжебекұлы       - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
                           Үйлестіру департаментінің директоры
                           (келісім бойынша)

Бәкіров
Дархан Әбдіманапұлы      - Қазақстан Республикасы Әділет
                           министрлігінің Халықаралық шарттарды
                           сараптау департаменті директорының
                           орынбасары

Таналиев
Әнуар Ескендірұлы        - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
                           министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық
                           департаменті директорының орынбасары

Боранбаева
Айсұлу Қасенқызы         - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
                           Салық комитетінің салық заңнамасын
                           түсіндіру және жетілдіру басқармасының
                           басшысы

Омаров
Әрсен Қобландыұлы        - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
                           министрлігі Көпжақты ынтымақтастық
                           департаментінің халықаралық қауіпсіздік
                           басқармасының басшысы

Төлебаев
Марат Зекайылұлы         - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
                           министрлігі Төтенше жағдайларды және
                           өнеркәсіп қауіпсіздігін мемлекеттік
                           бақылау комитетінің атом энергиясын
                           пайдалану объектілерін мемлекеттік бақылау
                           басқармасының басшысы

Ысқақов
Рауан Бауыржанұлы        - Қазақстан Республикасы Экономика және
                           бюджеттік жоспарлау министрлігі Салалық
                           экономиканы дамыту департаментінің
                           Өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын және
                           экологияны дамыту басқармасының басшысы

Ходанов
Александр Анатольевич    - «Үлбі металлургия зауыты» акционерлік
                           қоғамының өткізу жөніндегі директоры
                           (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2013 жылғы 21 тамыздағы
№ 145-ө өкіміне   
қосымша      

Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Қазақстан Республикасында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісім жобасының баптарын дайындауға жауапты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарын бекіту

      1. Кіріспе - ИЖТМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар.
      2. Анықтамалар - ИЖТМ (жинақтау), «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар.
      3. АЭХА ТБУ банкі - ИЖТМ (жинақтау), «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (келісім бойынша), «ҮМЗ» АҚ (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар.
      4. АЭХА құқықтық мәртебесі - ИЖТМ (жинақтау), Әділетмині, СІМ.
      5. Қол сұқпаушылық - ИЖТМ (жинақтау), СІМ, БП (келісім бойынша), Әділетмині, ТЖМ, Қаржымині.
      6. Қаржылық жеңілдіктер - ИЖТМ (жинақтау), ҰБ (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар.
      7. Салықтардан, алымдардан, баждардан, тыйым салулар мен шектеулерден босату - ИЖТМ (жинақтау), ЭБЖМ, Қаржымині.
      8. АЭХА ТБУ банкінің жұмыс істеуіне байланысты қызметтер көрсету мен көрсетілетін қызметтерді қамтамасыз ету - ИЖТМ (жинақтау), «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (келісім бойынша), «ҮМЗ» АҚ (келісім бойынша).
      9. Байланыс және көлік - ИЖТМ (жинақтау), ККМ, мүдделі мемлекеттік органдар.
      10. Кіру және шығу тәртібі - ИЖТМ (жинақтау), СІМ, ІІМ, ҰҚК
(келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар.
      11. Артықшылықтар мен иммунитеттер - ИЖТМ (жинақтау), СІМ, БП (келісім бойынша), Әділетмині, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар.
      12. Рұқсатнама - ИЖТМ (жинақтау), СІМ, ҰҚК (келісім бойынша).
      13. АЭХА ТБУ банкін, АЭХА ТБУ қоймасын, АЭХА Өкілдігін және пайдалануға берілген қызметтік үй-жайларды күзету - ИЖТМ (жинақтау), ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша), «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (келісім бойынша), «ҮМЗ» АҚ (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар.
      14. Қауіпсіздік, физикалық қауіпсіздік және кепілдіктер - ИЖТМ (жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша), ТЖМ, Қоршағанортамині, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (келісім бойынша), «ҮМЗ» АҚ (келісім бойынша).
      15. Авариялық дайындық және ден қою - ИЖТМ (жинақтау), ТЖМ,
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (келісім бойынша), «ҮМЗ» АҚ (келісім бойынша).
      16. Жауапкершілік және жауапкершіліктен босату - ИЖТМ (жинақтау), СІМ, БП (келісім бойынша), Әділетмині, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «ҮМЗ» АҚ (келісім бойынша).
      17. Жалпы ережелер - ИЖТМ (жинақтау), «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (келісім бойынша), «ҮМЗ» АҚ (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар.
      18. Дауларды реттеу - ИЖТМ (жинақтау), Әділетмині, СІМ.
      19. Келісімнің қолданылуы - ИЖТМ (жинақтау), СІМ, Әділетмині.

      Ескертпе:
      аббревиатуралардың толық жазылуы:
      БП - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
      СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
      ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
      Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
      ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
      Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
      ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
      ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
      ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
      «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК - «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы
      «ҮМЗ» АҚ - «Үлбі металлургия зауыты» акционерлік қоғамы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады