Индонезия Республикасының Президенті С.Б. Юдойононың Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 147-ө өкімі

      Индонезия Республикасының Президенті С.Б. Юдойононың 2013 жылғы 1 – 3 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын (бұдан әрі – сапар) дайындау және өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес «1+1+12» форматы бойынша Индонезия Республикасының ресми делегациясы мүшелеріне жоғары деңгейде қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2013 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер», 003 «Республикалық деңгейдегі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Жекелеген азаматтар санатына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Индонезия Республикасының ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Индонезия Республикасының Президенті С.Б. Юдойононың арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайында қонуын және одан ұшып шығуын;
      2) Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі екі елдің іскер топ өкілдерінің қатысуымен өтетін Қазақстан-Индонезия бизнес-форумының өткізілуін қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі:
      1) сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін;
      2) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атынан Индонезия Республикасының Президенті С.Б. Юдойононың құрметіне берілетін қабылдау (бейресми қабылдау) кезінде концерттік бағдарламалар ұйымдастыруды және іс-шараларға қажетті техникалық қолдау көрсетуді (дыбыстық, жарықтық қамтамасыз ету және сахнаны дайындау) қамтамасыз етсін;
      3) Индонезияның Қазақстан Республикасындағы мәдени күндерін өткізуді қамтамасыз етсін.
      7. Астана қаласының әкімдігі Индонезия Республикасының ресми делегациясын әуежайда қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайды және көшелерді безендіруді, баратын орындарға бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламаларды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      8. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келісім бойынша) Индонезия Республикасының Президенті С.Б. Юдойононы қарсы алу және шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.
      9. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Индонезия Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде тиісті жәрдем көрсетуді қамтамасыз етсін.
      10. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                       С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2013 жылғы 29 тамыздағы
№ 147-ө өкіміне 
қосымша     

Индонезия Республикасының ресми делегациясы мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Индонезия Республикасы делегациясының мүшелерін (1+1+12 форматы бойынша) және Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана қаласындағы қонақ үйлерге орналастыру.
      2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары, автомобильдерге арнайы рұқсаттама, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      3. Индонезия Республикасының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру және гүлмен безендіру.
      4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атынан Индонезия Республикасының Президенті С.Б. Юдойононың және оның жұбайының құрметіне қабылдаулар (таңғы, түскі, кешкі ас), бейресми қабылдаулар, сондай-ақ техникалық үстелдер ұйымдастыру.
      5. Индонезия Республикасының ресми делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      6. Техникалық қамтамасыз ету, іс-шаралар өтетін орындарды гүлмен және тақырыптық безендіру.
      7. Индонезия Республикасының ресми делегациясының басшысы мен мүшелеріне, сондай-ақ оларға еріп жүретін адамдарға көліктік қызмет көрсету.
      8. Индонезия Республикасының ресми делегациясының басшысы мен мүшелеріне, сондай-ақ, оларға еріп жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.
      9. Астана қаласында екіжақты келіссөздер өткізу үшін залдарды жалға алу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады