"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 108-ө өкімі

      "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу мақсатында:

      1. Мынадай кұрамда жұмыс тобы құрылсын:

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі, жетекші;

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі, жетекшінің орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпараттандыру департаменті директорының міндетін атқарушы, хатшы;

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі (келісім бойынша);

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы (келісім бойынша);

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі;

      Атырау облысының әкімі;

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы;

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы;

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы;

      Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары;

      Ақмола облысы әкімінің орынбасары;

      Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары;

      Астана қаласы әкімінің орынбасары,

      Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

      Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;

      Қызылорда облысы әкімінің орынбасары;

      Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары;

      Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

      Павлодар облысы әкімінің орынбасары,

      Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

      Қостанай облысының әкімі аппаратының басшысы;

      Алматы қаласы әкімінің аппараты басшысының орынбасары;

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының орынбасары (келісім бойынша);

      "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы (келісім бойынша);

      "The Boston Consulting Group" консалтингтік компаниясының директоры (келісім бойынша);

      "Қазақстанның ІТ-менеджерлері қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің Басқарма төрағасы (келісім бойынша);

      "МакКинзи и Компания Казахстан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша);

      Орталық Азиядағы IDC өңірлік директоры (келісім бойынша);

      "Қазақстанның ІТ-менеджерлері қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің басқарма мүшесі (келісім бойынша);

      Қазақстандағы "КПМГ Такс энд Эдвайзори" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарушылық консультация беру бөлімінің директоры (келісім бойынша).

      2. Жұмыс тобы "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының жобасы бойынша ұсыныстар әзірлесін және оларды 2016 жылғы 30 қарашаға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары И.Н. Тасмағамбетовке жүктелсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады