"ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі шеңберінде өткізілетін маңызды іс-шаралар кестесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 120-ө өкімі

      "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі шеңберінде іс-шараларды сапалы өткізу мақсатында:

      1. Қоса беріліп отырған "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі шеңберінде еткізілетін маңызды іс-шаралардың кестесі (бұдан әрі - кесте) бекітілсін.

      2. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ езге де мүдделі ұйымдар (келісім бойынша) кестеде көзделген іс-шаралардың орындалуы жөнінде шаралар қабылдасын және ай сайын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне ақпарат берсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 30 қарашадағы
№ 120-ө өкімімен
бекітілген

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі шеңберінде өткізілетін маңызды іс-шаралар кестесі

Р/с №

Іс-шара

Өткізілетін күндері

Ұйымдастырушы

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

1.

ШЫҰ мемлекет басшыларының саммиті

2017 жылғы 8-9 маусым

ҚР СІМ

республикалық бюджет
006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы
әкімші: ҚР СІМ

2.

X Астана экономикалық форумы

2017 жылғы маусым

ҚР ҰЭМ

республикалық бюджет
001 "Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті реттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер"
әкімші: ҚР ҰЭМ

3.

"Энергетиканың орнықты дамуын қамтамасыз ету" министрлік конференциясы
Орнықты даму мүддесінде энергетика бойынша 8-ші халықаралық форум

2017 жылғы 11-14 маусым

ҚР ЭМ, KAZENERGY қауымдастығы (келісім бойынша)

демеушілер қаражаты есебінен
006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы - бойынша 2017 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде
әкімші: ҚР ЭМ

4.

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 30-шы жалпы отырысы

2017 жылғы маусым

ҚР ИДМ

республикалық бюджет
001 "Стандарттау, метрология, өнеркәсіп, инвестициялар тарту, геология, туристік индустрия, индустриялық саясатты қалыптастыру, инфрақұрылымды және бәсекелестік нарықты, көлік және коммуникацияны, ғарыш қызметін үйлестіру және бақылау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру"
әкімші: ҚР ИДМ

5.

ЕҚЫҰ-ның экономикалық-экологиялық форумына екінші дайындық кездесу

2017 жылғы 14-16 маусым

ҚР СІМ

ЕҚЫҰ-ның қаражаты есебінен

6.

Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар конгресі

2017 жылғы 19-20 маусым

ҚР ҰИА (келісім бойынша)

ҚР ҰИА-ның қаражаты есебінен

7.

XIV Еуразиялық медиа-форум

2017 жылғы 22-23 маусым

ҚР СІМ

республикалық бюджет
006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы
әкімші: ҚР СІМ

8.

БҰҰ ДТҰ-ның "Туризм және болашақ энергиясы" халықаралық конференциясы

2017 жылғы 26-28 маусым

"Астана ЭКСПО- 2017" ҰК" АҚ (келісім бойынша), ҚР ИДМ

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ қаражаты есебінен

9.

"Еуразиялық апта" жыл сайынғы форумы

2017 жылғы 3-5 шілде

ҚР ҰЭМ

006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша 2017 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде
әкімші: ҚР ҰЭМ

10.

"Жасыл көпір" әріптестік бағдарламасы

2017 жылғы 12-13 шілде

ҚР ЭМ

республикалық бюджет
006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы әкімші: ҚР ЭМ

11.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

2017 жылғы тамыз

ҚР ҰЭМ

республикалық бюджет
006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы
әкімші: ҚР ҰЭМ

12.

"Әйелдер болашақ энергиясын қолдайды" әйелдердің халықаралық форумы

2017 жылғы 31 тамыз - 2 қыркүйек

ҚР СІМ, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия (келісім бойынша)

006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша 2017 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде
әкімші: ҚР СІМ

13.

Кардиоторакальдық хирургтердің 27-ші дүниежүзілік конгресі

2017 жылғы 1-3 қыркүйек

ҚР ДСӘДМ

006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша 2017 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде
әкімші: ҚР ДСӘДМ

14.

XI KAZENERGY Еуразиялық форумы

2017 жылғы 8-9 қыркүйек

KAZENERGY қауымдастығы (келісім бойынша)

Бюджеттен тыс қаражат есебінен

15.

ИЫҰ-ның ғылым және технология жөніндегі бірінші саммиті

2017 жылғы 10-11 қыркүйек

ҚР СІМ, ҚР БҒМ, ҚР ИДМ, "Назарбаев Университеті" ДБҰ (келісім бойынша)

республикалық бюджет
006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы
әкімші: ҚР СІМ

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ҚР СІМ - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

      ҚР ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ҚР БҒМ - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

      ҚР ЭМ - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

      ҚР ИДМ - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

      ҚР ДСӘДМ - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

      "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ - "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

      "KAZENERGY" қауымдастығы - "KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы

      "Назарбаев Университеті" ДБҰ - "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы

      ҚР ҰИА - Қазақстан Республикасының ұлттық инженерлік академиясы

      ШЫҰ - Шанхай ынтымақтастық ұйымы

      ЕҚЫҰ - Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы

      БҰҰ ДТҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік туристік ұйымы

      ИЫҰ - Ислам ынтымақтастығы ұйымы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады