Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 121-ө өкімі

      Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Жұмыс тобы 2018 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі мерзімде Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлесін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 121-ө өкіміне
қосымша

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамы

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, жетекші

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік даму департаментінің директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Инвестициялық саясат департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қызметтер департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Агроөнеркәсіп кешені, табиғи ресурстар, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бюджеті департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Өнеркәсіп, көлік және коммуникация бюджеті департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті директорының міндетін атқарушы

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының кеңесшісі, полковник (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі (келісім бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Өңірлік даму департаментінің директоры (келісім бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Өңірлік даму департаментінің 1-санатты сарапшысы (келісім бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Өңірлік даму департаментінің 1-санатты сарапшысы (келісім бойынша)

      "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісім бойынша)

      "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" акционерлік қоғамы Экономика және жоспарлау департаментінің директоры (келісім бойынша)

      "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" акционерлік қоғамы Тұрғын үй кешені инфрақұрылымын дамыту әдіснамасы департаментінің директоры (келісім бойынша)

      "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамы Өңірлік зерттеулер орталығының директоры (келісім бойынша)

      "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы Стратегиялық даму департаментінің директоры (келісім бойынша)

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы Тұрғын үй құрылысы активтерін басқару департаментінің директоры (келісім бойынша)

      "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамының өңірлік зерттеулер орталығы директорының орынбасары (келісім бойынша)

      "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" акционерлік қоғамы Геология департаметінің 1-санатгы геофизигі (келісім бойынша)

      "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамы өңірлік зерттеулер орталығының аға сарапшысы (келісім бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады