Қазақстан Республикасында тауарларды таңбалау жүйесін құру жөнінде шешім әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 34-ө өкімі

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасында тауарларды таңбалау жүйесін құру жөнінде шешім әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Жұмыс тобы Қазақстан Республикасында тауарларды таңбалау жүйесін құру жөнінде шаралар кешенін көздейтін ұсыныстарды әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 19 наурыздағы
№ 34-ө өкіміне
қосымша

Қазақстан Республикасында тауарларды таңбалау жүйесін құру жөнінде шешім әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобының құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, жетекші

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы, хатшы

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы

      "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі (келісу бойынша)

      "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы басқарма төрағасы (келісу бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады