Тұрғын үй-коммуналдық даму жөніндегі 2020 - 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 14 тамыздағы № 143-ө өкімі

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Тұрғын үй-коммуналдық даму жөніндегі 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Жұмыс тобы 2019 жылғы 25 тамызға дейінгі мерзімде Тұрғын үй-коммуналдық даму жөніндегі 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) жобасын әзірлесін.

      3. Мемлекеттік бағдарламаның жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу мерзімі 2019 жылғы 30 қыркүйек болып айқындалсын.

      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау жұмыс тобының жетекшісіне жүктелсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 14 тамыздағы
№ 143-ө өкіміне
қосымша

Тұрғын үй-коммуналдық даму жөніндегі 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекшi

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, жетекшiнің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы, хатшы

      Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

      Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары

      Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары

      Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары

      Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары

      Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары

      Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары

      Атырау облысы әкімінің орынбасары

      Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

      Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

      Қостанай облысы әкімінің орынбасары

      Қызылорда облысы әкімінің орынбасары

      Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары

      Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

      Түркістан облысы әкімінің орынбасары

      Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары

      Алматы қаласы әкімінің орынбасары

      Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Samruk-Kazyna Construction" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" акционерлік қоғамының директоры – басқарма мүшесі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қоғамдық кеңесінің мүшелері (келісу бойынша)

      Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "Сәулет" кафедрасының меңгерушісі (келісу бойынша)

      "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" акционерлік қоғамының ғылым бойынша бас директордың кеңесшісі (келісу бойынша)

      "Талап" қолданбалы зерттеулер орталығы" қоғамдық қорының директоры (келісу бойынша)

      "Талап" қолданбалы зерттеулер орталығы" қоғамдық қорының аға талдаушысы (келісу бойынша)

      "Талап" қолданбалы зерттеулер орталығы" қоғамдық қорының талдаушылары (келісу бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады