Шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтер экспортын ілгерілету жөніндегі жол картасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 163-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтер экспортын ілгерілету жөніндегі жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) бекітілсін.

      2. Жол картасын орындауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері және ұйымдар (келісу бойынша):

      1) Жол картасында көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

      2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне Жол картасының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі ұсынылған ақпаратты жинақтап, жарты жылда кемінде бір рет Жол картасының орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 29 тамыздағы
№ 163-ө өкімімен
бекітілген

Шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтер экспортын ілгерілету жөніндегі
ЖОЛ КАРТАСЫ

Р/с №

Іс-шара атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімдері

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

Шикізаттық емес тауарлар

1.

Мыналар:
өндіруші;
өндірістік қуаттар;
нақты шығарылатын көлемдер;
өндірілетін өнімнің қасиеттері мен мақсаты;
өз өнімін өткізудің ағымдағы нарықтары;
өндірушілердің жаңа шетелдік нарықтарға экспорттау және т.б. мәселені пысықтауы туралы ақпарат;
берілген өнімге шет елдердің қажеттіліктері туралы мәліметтер қамтылатын қазақстандық өңделген өнім өндірушілердің тізілімі мен картасын қалыптастыру және жүргізу жөнінде іс-шаралар жүргізу

ақпаратты мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыру

СИМ, ИИДМ, АШМ, ЦДИАӨМ, ЭМ, Қаржымині, ҰЭМ, ЖАО, ҰКП (келісу бойынша)

2019 жылғы қарашадан бастап – тұрақты негізде

талап етілмейді

2.

Индустриялық сертификаттар беру шеңберінде өңделген өнім өндірушілерді паспорттау (құпия емес бөлік)

ақпаратты мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыру

СИМ, ИИДМ, АШМ, ЦДИАӨМ, ЭМ, Қаржымині, ҰЭМ, ЖАО, ҰКП (келісу бойынша)

2020 жылғы қаңтардан бастап – тұрақты негізде

талап етілмейді

3.

Қазақстандық өңделген өнім экспортының перспективалары тұрғысынан шетелдік нарықтарды зерделеу бойынша маркетингтік талдау жүргізу, оның ішінде:
тұтыну көлемдерін;
сатып алу бағаларын (тұтынылатын өнімнің қасиеттеріне байланысты);
сатып алушылардың неғұрлым кең таралған келісімшарттық талаптарын;
логистиканы;
импорт кезінде кеден баждарының, салықтардың және өзге де алымдардың мөлшерлемелерін;
коммерциялық және мемлекеттік сатып алулар салаларындағы заңнаманы;
әкімшілендірудің өзге де тетіктері, оның ішінде импорттың сандық шектеулері мен тарифтік квоталардың болуын айқындау

талдамалық ақпарат

СИМ, СІМ, ҰКП (келісу бойынша)

2020 жылғы қаңтар

талап етілмейді

4.

Негізгі өткізу нарықтарында танымал және сұранысқа ие қазақстандық брендтерді құру қажеттігіне талдау жүргізу, оның ішінде:
"Made in Kazakhstan" бірыңғай қолшатыр бренді;
шетелдік сатып алушылардың тұтынушылық талғамдарын зерделеу;
Қазақстан Республикасында өндірілетін тауарларға ұқсас шетелдік нарықтарда неғұрлым сұранысқа ие тауарлардың техникалық ерекшеліктері (физикалық қасиеттері) бойынша ұсынымдар дайындау;
нысаналы нарыққа бағдарланған сауда маркаларын, дизайнын құру;
өнімді таңбалауға қойылатын шетелдік талаптарды зерделеу;
нысаналы нарықтарда қаптаманың ерекшелігін зерделей отырып, тартымды, сапалы, креативті, экологиялық, инновациялық, функционалды және арзан қаптама әзірлеу

талдамалық ақпарат

СИМ, СІМ, ҰЭМ ҰКП (келісу бойынша)

2019 – 2021 жылдар

090.103 бюджеттік бағдарламасы бойынша 2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттар шеңберінде

5.

Қазақстанда сертификаттаушы зертханалар мен полигондар құру және оларды импорттаушы елдерде аккредиттеу мәселесін зерделеу

талдамалық ақпарат

СИМ, ИИДМ, ҰЭМ, АШМ, ДСМ, мүдделі органдар

2019 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

6.

Қолданыстағы техникалық реттеу, стандарттау және сәйкестікті бағалау, экспорты басым елдердің ветеринариялық, санитариялық және фитосанитариялық бақылауын (кемінде 3 елді, кемінде 3 саланы, әрбір ел бойынша кемінде 30 өнім түрін қамти отырып) аккредиттеу жүйелеріне елдік шолу жүргізу

ақпаратты мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыру

СИМ, ИИДМ, АШМ, СІМ, ДСМ,ҰКП (келісу бойынша)

2019 және 2020 жылғы желтоқсан

2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттар шеңберінде

7.

Шетелдік техникалық регламенттердің талаптарына және өнімді сертификаттау саласындағы қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін жабдықтармен жарақталған, Қазақстанда жұмыс істеп тұрған сынақ зертханаларын толық жарақтандыру немесе жаңаларын құру мәселесін пысықтау

талдамалық ақпарат

СИМ, ИИДМ, АШМ, СІМ, ДСМ, ҰКП (келісу бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

8.

Ветеринариялық, санитариялық және фитосанитариялық реттеу саласындағы импортталатын өнімге шет мемлекеттердің нормативтік талаптары тұрғысынан шетелдік нарықтарға талдау жүргізу

талдамалық ақпарат

АШМ, СИМ, СІМ, ДСМ, ҰКП (келісу бойынша)

2020 жылғы қаңтардан бастап – тоқсан сайын

талап етілмейді

9.

Экспортқа бағытталған машина жасау өнімдерін шығаратын шағын және орта бизнес үшін кредиттеудің неғұрлым төмен мөлшерлемелерін ұсыну бойынша ұсыныстар әзірлеу

талдамалық ақпарат

СИМ, ИИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, ҰБ (келісу бойынша), ҚДБ (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша), "KazakhExport" ЭСК" АҚ (келісу бойынша), "ҚҚҚ" ЗТБ (келісу бойынша)

2019 жылғы қараша

талап етілмейді

10.

Қазақстандық машина жасау өнімін халықаралық нарықтарға экспорттау кезінде шетелдік сатып алушылар үшін бәсекеге қабілетті қаржы құралдарын беру бойынша ұсыныстар әзірлеу

талдамалық ақпарат

СИМ, ИИДМ, ҰЭМ, СІМ, "KazakhExport" ЭСК" АҚ (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша)

2019 жылғы қараша

талап етілмейді

11.

"ҚДБ" АҚ отандық өнімнің резидент емес импорттаушыларын бәсекеге қабілетті сыйақы мөлшерлемесі бойынша АҚШ долларында қаржыландыру туралы ұсыныстарды пысықтау

талдамалық ақпарат

СИМ, ИИДМ, ҰЭМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), ҚДБ (келісу бойынша), АХҚО (келісу бойынша)

2019 жылғы қазан

бюджеттен тыс қаражат

12.

Отандық экспорттаушыларды қолдаудың жаңа қаржы құралдарын, оның ішінде "Қазақстан қор биржасы" АҚ мен "Астана" халықаралық қаржы орталығы алаңдарындағы облигациялық қарыз қаражаты бойынша ұсыныстар әзірлеу

талдамалық ақпарат

СИМ, ҰЭМ, ҰБ (келісу бойынша), "ҚҚБ" АҚ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), АХҚО (келісу бойынша)

2019 жылғы қазан

талап етілмейді

13.

Экспорттаушыларды қолдау, экспортты дамыту және ілгерілету мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілеріне түгендеу жүргізу

талдамалық ақпарат

СИМ, мүдделі мемлекеттік органдар, ЖАО, ұлттық басқарушы холдингтер (келісу бойынша)

2020 жылғы ақпан

талап етілмейді

14.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы өткізу пункттерінің инфрақұрылымын жақсарту және өткізу қабілетін оларды жаңғырту мен техникалық толық жабдықтау есебінен ұлғайту бойынша ұсыныстар әзірлеу

СИМ-ға ақпарат

Қаржымині, ҰКП (келісу бойынша)

2019 жылғы қыркүйек

талап етілмейді

15.

Қазақстандық тауарлардың экспорты мен транзитінің проблемалық мәселелерін шешу бойынша Қазақстан Республикасы кеден қызметінің шетелдегі өкілдіктерінің болу еліндегі кедендік және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы бойынша ұсыныстар енгізу

СИМ-ға ақпарат

Қаржымині, СІМ, шетелдегі өкілдіктер, ҰКП (келісу бойынша)

2019 жылғы қыркүйек

талап етілмейді

16.

Құны 1000 евроға дейінгі тауарлар экспорты үшін кедендік алымды алып тастау жөніндегі мәселені пысықтау

СИМ-ға ақпарат

ҰЭМ, Қаржымині, ЦДИАӨМ, ҰКП (келісу бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

17.

Өңдеу өнеркәсібінің ірі кәсіпорындарының кредиттік мөлшерлемелеріне субсидия беру мәселесін қарау

талдамалық ақпарат

СИМ, ҰЭМ, ҰБ (келісу бойынша), ҚДБ (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша), "ҚҚҚ" ЗТБ (келісу бойынша)

2019 жылғы қазан

талап етілмейді

18.

Үшінші елдерде қоймаларды, оның ішінде МЖӘ тетіктері арқылы ұйымдастыру мүмкіндігі мәселесін қарау

талдамалық ақпарат

СИМ, ҰКП (келісу бойынша)

2019 жылғы қазан

талап етілмейді

19.

Шет елдерде сауда өкілдіктерін ашу бойынша ұсыныстар әзірлеу

СИМ-ға ақпарат

СІМ, ҰЭМ, ҰКП (келісу бойынша), "KazakhExport" ЭСК" АҚ (келісу бойынша)

2019 жылғы қыркүйек

2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттар шеңберінде

20.

Экспортты ілгерілету бойынша бірыңғай ұлттық институт құру мәселесін қарау

талдамалық ақпарат

СИМ, мүдделі мемлекеттік органдар, ЖАО, ұлттық басқарушы холдингтер (келісу бойынша)

2019 жылғы қараша

талап етілмейді

21.

Шет елдерде нәтижеге бағытталған "сауда лоббистері" (құрметті консулдар) институтын енгізу бойынша ұсыныс әзірлеу

талдамалық ақпарат

СИМ, СІМ, ҰКП (келісу бойынша)

2019 жылғы қараша

талап етілмейді

22.

Нысаналы өткізу нарығында өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы салалары өнімінің қазақстандық "бренд амбассадорлары" институтын енгізу бойынша ұсыныс әзірлеу

талдамалық ақпарат

СИМ, СІМ, МСМ, ҰЭМ, АШМ, ҰКП (келісу бойынша)

2020 жылғы қаңтар

талап етілмейді

23.

Шығу сертификатын алудың электрондық жүйесін жаппай енгізу бойынша ұсыныс әзірлеу

СИМ-ға ақпарат

ҰКП (келісу бойынша), СИМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар

2019 жылғы қазан

талап етілмейді

24.

Экспортты дамыту жоспарларын ескере отырып, жылжымалы құраммен қамтамасыз ету мәселесін пысықтау

СИМ-ға ақпарат

ИИДМ, СИМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша)

2019 жылғы қазан

талап етілмейді

25.

Жылжымалы паркті жыл ішінде біркелкі жүктеу мақсатында тасымалдау процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

СИМ-ға ақпарат

ИИДМ, ҰЭМ, СИМ, АШМ, ЭМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "Азық түлік корпорациясы" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ТМКҚ (келісу бойынша), "Қазақстанның астық одағы" ЗТБ (келісу бойынша), "Қазақстан астықты қайта өңдеушілер одағы" ЗТБ (келісу бойынша), "Қазтеміртранс" АҚ "ҚазТОҚ" ЗТБ (келісу бойынша)

2019 жылғы қазан

талап етілмейді

26.

Мамандандырылған жылжымалы құрамды, оның ішінде астық тасығыштарды, рефрижераторларды, цистерналарды ұлғайту жөнінде ұсыныстар әзірлеу

талдамалық ақпарат

СИМ, ИИДМ, АШМ "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша)

2019 жылғы қараша

талап етілмейді

27.

Уақыт шығындарын қысқарту үшін "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша) тасымалдау процесінің технологиясын және жөнелтушілердің операциялық процестерін жетілдіру мәселесін зерделеу

СИМ-ға ақпарат

"ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

2019 жылғы қазан

талап етілмейді

28.

Корпоративтік ақпараттық ресурстарда экспортқа жөнелтуді оңайлату бойынша жүргізілетін жұмысты ақпараттық жария ету

СИМ-ға ақпарат

"ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша)

2019 жылғы қазан

талап етілмейді

29.

Экспорттық жөнелтілімдерді контейнерлеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу

СИМ-ға ақпарат

"ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша)

2019 жылғы қазан

талап етілмейді

30.

Жүк тасымалдаушыларын көбірек қамту және көлік ұсынысының профицитін құру үшін жүк тасымалдары көлік агрегаторларының (мобильді қосымшалардың) ақпараттық технологияларының дамуын ынталандыру мәселесін пысықтау

талдамалық ақпарат

СИМ, ИИДМ, ҰЭМ, ЦДИАӨМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша)

2019 жылы қараша

талап етілмейді

31.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мемлекеттік бағдарламасының және Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басымдықтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 1276, 2015 жылғы 11 наурыздағы № 124 қаулыларымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары шеңберінде қаржыландыру үшін тамақ өнеркәсібі салаларының тізбесін қайта қарау

талдамалық ақпарат

СИМ, АШМ, ҰЭМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша)

2020 жылғы ақпан

талап етілмейді

32.

ҚДБ-ның облигацияларды сатып алуы арқылы экспорттық операцияларды қаржыландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу, оларды орналастырудан түскен қаражатты эмитент экспорттық операцияларды іске асыруға жолдайды

талдамалық ақпарат

СИМ, "Бәйтерек" ҰБХ АҚ (келісу бойынша), ҚДБ (келісу бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

33.

Стандарттарды өзара қолдануды, стандарттарды аударуды және екі елдің ұлттық стандарттары ретінде қолдануды көздейтін Қазақстан Республикасының ("Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" РМК) мен Біріккен Араб Әмірліктерінің ("Біріккен Араб Әмірліктерінің стандарттау және метрология жөніндегі органы" (ESMA) стандарттау жөніндегі ұлттық органдары арасында өзара түсіністік туралы меморандум жасасу мәселесін пысықтау

талдамалық ақпарат

СИМ

2019 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

34.

Демалыс және мереке күндері кеден бекеттерінде кезекшілікті ұйымдастыру мәселесін қарау

СИМ-ға ақпарат

Қаржымині

2019 жылғы қазан

талап етілмейді

35.

Басым нарықтарға қазақстандық экспорттаушылардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында олардың мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордағы сатып алу саласындағы заңнамасын зерделеу

ҰКП-ға ақпарат

СИМ, Қаржымині

2020 жылғы қаңтар

талап етілмейді

36.

Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорттық лицензиясын СІМ-нің келісу мерзімдері мәселесін пысықтау

СИМ-ға ақпарат

ИИДМ, СІМ

2019 жылғы қараша

талап етілмейді

37.

Бюджет есебінен әрбір жаңа экспорттық позиция үшін Қазақстан Республикасы ветеринариялық және фитосанитариялық жүйесін тексеру мақсатында үшінші елдер инспекторларының келуін қаржыландыруға арналған бюджеттік өтінімді қалыптастыру мәселесін пысықтау

СИМ-ға ақпарат

АШМ, Қаржымині

мүдделі кәсіпорындардан өтінімдердің түсуіне қарай

2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттар шеңберінде

38.

Үшінші елдердің тізіліміне қосу үшін бюджет есебінен қазақстандық кәсіпорындардың инспекцияларын қаржыландыруға арналған бюджеттік өтінімді қалыптастыру мәселесін пысықтау, Қазақстан Республикасының кәсіпорындарын Үшінші елдердің тізілімдерінде тіркеу

СИМ-ға ақпарат

ҰКК (келісу бойынша), Қаржымині, АШМ

мүдделі кәсіпорындардан өтінімдердің түсуіне қарай

талап етілмейді

39.

Сапа сәйкестігі сертификаттарын келісу бойынша негізгі импорттаушы елдермен келіссөздер жүргізу

келісілген сапа сертификаттары

СИМ, ДСМ, ҰКП (келісу бойынша)

үнемі

талап етілмейді

40.

Халықаралық стандарттарға сәйкес қазақстандық өнімнің "Халал" стандартына сәйкестігін сертификаттауды енгізу

талдамалық ақпарат

СИМ, АШМ, ДСМ, "Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы" республикалық діни бірлестігі (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

41.

Халықаралық стандарттарға сәйкес қазақстандық өнімнің "Органик" стандартына сәйкестігін сертификаттауды енгізу

талдамалық ақпарат

СИМ, ҰЭМ, ИИДМ, АШМ, ДСМ, ҰКП (келісу бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

42.

Қазақстандық өнімнің сыртқы нарықтарға қол жеткізу жағдайына мониторинг жүргізу

мемлекеттік органдарға ақпарат

СИМ

үнемі

талап етілмейді

43.

АӨК өнімі үшін тасымалдау шығындарын субсидиялауға қаражат көлемін 10 млрд. теңгеге ұлғайту, Қазақстан Республикасы шегінде теміржол және/немесе автомобиль көлігімен АӨК өнімін жеткізуді субсидиялау үшін жеке квота бөлу мәселелерін пысықтау

талдамалық ақпарат

СИМ, ИИДМ, АШМ, Қаржымині, ҰЭМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

2019 жылғы қазан

2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттар шеңберінде

44.

Өзбекстан аумағы арқылы жүктерді тасымалдау үшін теміржол тарифін төмендету мәселесін пысықтау

талдамалық ақпарат

СИМ, ИИДМ, СІМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

45.

"Қазақстанда жасалған", "Qazaq organiс food", "Halal Qazaqstan", "QazMai" ұлттық брендтерін дамыту және ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірлеу

талдамалық ақпарат

СИМ, СІМ, ҰЭМ, АШМ, ҰКП (келісу бойынша)

2019 жылғы қазан

талап етілмейді

46.

Экспорт кезінде ҚҚС сомасын қайтарудың жеңілдетілген тәртібін енгізу мәселесін қарау

СИМ-ға ұсыныс

ҰЭМ, Қаржымині, АШМ, ИИДМ, ҰКП (келісу бойынша)

2019 жылғы қазан

талап етілмейді

47.

Шикізат пен дайын тауарларды экспорттау кезінде сараланған ҚҚС қолдану мәселесін қарау

СИМ-ға ұсыныс

ҰЭМ, Қаржымині, АШМ, ИИДМ, ҰКП (келісу бойынша)

2019 жылғы қазан

талап етілмейді

48.

Үшінші елдердің нарықтарында қолжетімділік жағдайларын жақсарту мәселесін пысықтау

талдамалық ақпарат

СИМ, ИИДМ, АШМ, ҰКП (келісу бойынша)

2020 жылғы қаңтар

талап етілмейді

49.

Елдердің ветеринариялық қызметтеріне жүгіну және басым елдермен ветсертификаттарды келісу

СИМ-ға ақпарат

АШМ, ҰКП (келісу бойынша)

үнемі

талап етілмейді

50.

Тиелген авторефрижераторларды Каспий теңізі арқылы тасымалдауға маманданған теңіз паромдарының флотын ұлғайту мәселесін пысықтау

СИМ-ға ақпарат

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ ("ҚТКФ" ҰТКК АҚ) (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша)

2019 жылғы қазан

талап етілмейді

51.

Экспортталатын тамақ өнімі үшін ерікті түрде "Health Certificate" енгізу мәселесін пысықтау

СИМ-ға ұсыныс

ДСМ, АШМ ҰКП (келісу бойынша)

2019 жылғы қазан

талап етілмейді

52.

Агроөнеркәсіптік кешен өнімін таңбалау және қадағалау жүйесін енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу

СИМ-ға ұсыныс

АШМ, ДСМ, Қаржымині, ҰЭМ, ҰКП (келісу бойынша)

2019 жылғы қазан

талап етілмейді

Көрсетілетін қызметтер

53.

Қазақстандық компаниялар әлеуетті көрсетуі мүмкін қызметтерге сыртқы нарықтардың қажеттіліктеріне маркетингтік талдау жүргізу

талдамалық ақпарат

СИМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2020 жылғы қаңтар

талап етілмейді

54.

Қазақстандық көрсетілетін қызметтердің экспортын ілгерілету және қолдау жөнінде ұсыныстар әзірлеу

талдамалық ақпарат

СИМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2019 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

55.

Отандық көрсетілетін қызметтерді шетелде ілгерілету үшін пайдалану мақсатында нысаналы өткізу нарықтарында танымал тұлғалар қатарынан қазақстандық "бренд-амбассадорлар" институтын енгізу жөнінде ұсыныс әзірлеу

талдамалық ақпарат

СИМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2019 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

56.

"Қазақстан Республикасындағы құрылыс" және "шетелдегі құрылыс" көрсеткіштері бойынша статистикалық есептілікті жүргізу мәселесін пысықтау

СИМ-ға ақпарат

ҰБ (келісу бойынша), ҰЭМ

2019 жылғы қазан

талап етілмейді

57.

Өңірлер бөлінісінде көрсетілетін қызметтердің экспорты бойынша статистиканы жүргізу мәселесін пысықтау

СИМ-ға ақпарат

ҰБ (келісу бойынша), ҰЭМ

2019 жылғы қазан

талап етілмейді

58.

Құрылыс саласындағы техникалық кедергілерді алып тастау мақсатында басым және жоғары мүдделі елдермен құрылыс көрсетілетін қызметтеріне қойылатын стандарттар мен техникалық талаптарды өзара тану мәселесін пысықтау

талдамалық ақпарат

СИМ, ИИДМ

2019 жылғы қараша

талап етілмейді

59.

Сыртқы саясатты, инвестициялық саясатты, экспорттық брендтерді, кинематография мен әдебиет, сондай-ақ мәдениет пен спортты іске асыру арқылы елдік туристік брендті қалыптастыру

СИМ-ға ақпарат

МСМ, СІМ

2019 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

60.

"KIDS GO FREE" қағидаты бойынша каникул кезеңінде балалардың тегін авиаұшуын субсидиялау мәселесін пысықтау

СИМ-ға ұсыныс

МСМ, Қаржымині

2020 жылғы қыркүйек

2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттар шеңберінде

61.

Алыс шетелден туристік ағынды ұлғайту және туристік сатып алу қабілетін арттыруды ынталандыру үшін "tax free" жүйесін енгізу мәселесін қарау

СИМ-ға ұсыныс

МСМ, СІМ, Қаржымині, ҰЭМ

2019 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

62.

Соңғы тұтынушы үшін, атап айтқанда, 18 жасқа дейінгі балалар үшін туристік өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау мәселесін қарау

СИМ-ға ұсыныс

МСМ, ҰЭМ, Қаржымині, АШМ

2020 жылғы қаңтар

бюджеттен тыс қаражат

63.

Шетелдік азаматтарға медициналық қызмет көрсету көлемін анықтау бөлігінде ДСМ әкімшілік есептілігі бойынша респонденттер тобына дара кәсіпкерлерді қоса алғанда, жеке медициналық мекемелерді енгізу жөніндегі мәселені пысықтау

СИМ-ға ақпарат

ДСМ, ҰЭМ, ҰБ (келісу бойынша)

2019 жылғы қазан

талап етілмейді

64.

Шет елдердің (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуропалық Одақ, Қытай, Үндістан, Пәкістан) студент жастарының қазақстандық білім беру қызметтеріне қажеттілігі мен қызығушылығына кешенді талдау жүргізу

СИМ-ға ақпарат

БҒМ, СІМ, "Болашақ" ХБО (келісу бойынша), БПжАҰО (келісу бойынша)

2020 жылғы қаңтар

талап етілмейді

65.

"Қазақстандағы білім беру" бірыңғай порталын іске қосу мәселесін пысықтау

СИМ-ға ақпарат

БҒМ, "Болашақ" ХБО (келісу бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

бюджеттен тыс қаражат

66.

Шетелдік студенттер үшін стипендиялық бағдарламаларды іске асыру

БҒМ бұйрығы

БҒМ, БПжАҰО (келісу бойынша)

2020 – 2022 жылдар

бюджеттен тыс қаражат

67.

Белгіленген тәртіппен Мемлекетаралық техникалық комитеттің отырыстарына қатысу, сондай-ақ ISO техникалық комитеттерінің отырыстарына қатысу бойынша Қазақстан Республикасының техникалық сарапшыларын тартуға қаржы құралдарын қолдану мәселесін пысықтау

талдамалық ақпарат

СИМ, Қаржымині, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2019 – 2022 жылдар

талап етілмейді

68.

Отандық АКТ-компаниялардың қолда бар тәжірибесін ескере отырып, экспорт үшін АКТ-ның негізгі салаларын және АКТ-өнімдерін өткізудің әлеуетті нарықтарын айқындау мақсатында отандық АКТ-компаниялар бойынша талдау жүргізу және олардың мүмкіндіктерін, өнімдерін/шешімдерін анықтау

СИМ-ға ақпарат

ЦДИАӨМ, "Зерде" ҰИХ" АҚ (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша), АКТ компаниялар (келісу бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

69.

Бағдарламалық қамтылым түріндегі АКТ-өнімін әзірлеуге арналған шығындарды өтелетін немесе субсидияланатын бағыттардың тізбесіне енгізу жөніндегі мәселелерді қарау

талдамалық ақпарат

СИМ, ЦДИАӨМ, "Зерде" ҰИХ" АҚ (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша)

2019 жылғы қараша

талап етілмейді

70.

Қазақстан Республикасы Сыртқы сауда палатасының көрмелері мен сауда миссияларының тізбесіне "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" бағытын қосу

талдамалық ақпарат

СИМ, ЦДИАӨМ, "Зерде" ҰИХ" АҚ (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша)

2019 жылғы қараша

талап етілмейді

71.

Экспортқа арналған АКТ-өнімдердің қазақстандық каталогын жасау және тарату

СИМ-ға ақпарат

ЦДИАӨМ, "Зерде" ҰИХ" АҚ (келісу бойынша), "Astana Hub" ХТ, ҰКП (келісу бойынша)

2020 жылғы желтоқсан

бюджеттен тыс қаражат

72.

Кездесулер, іс-шаралар өткізу, халықаралық көрмелерге қатысу және т.б. арқылы Қазақстанның цифрландыру және отандық АКТ-өнімдер бойынша тәжірибесін ілгерілету және оның маркетингі

СИМ-ға ақпарат

ЦДИАӨМ, "Зерде" ҰИХ" АҚ (келісу бойынша), "Astana Hub" ХТ (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша)

үнемі

бюджеттен тыс қаражат

73.

"Astana Hub" халықаралық технопаркіне көрші елдерден бәсекеге қабілетті АКТ кадрларын тарту

СИМ-ға ақпарат

ЦДИАӨМ, "Astana Hub" ХТ (келісу бойынша), "Зерде" ҰИХ" АҚ (келісу бойынша)

үнемі

бюджеттен тыс қаражат

74.

"Astana Hub" халықаралық технопаркі базасында экспортқа бағдарланған АКТ өнімін шығаруға бағытталған жаңа акселерация бағдарламаларын енгізу

СИМ-ға ақпарат

ЦДИАӨМ, "Astana Hub" ХТ (келісу бойынша), "Зерде" ҰИХ" АҚ (келісу бойынша)

үнемі

бюджеттен тыс қаражат

75.

Басым елдерде ақпараттық технологиялар секторын дамытудың перспективалы бағыттарын анықтау

СИМ-ға ақпарат

ЦДИАӨМ, "Зерде" ҰИХ" АҚ (келісу бойынша)

2020 жылғы ақпан

талап етілмейді

76.

ЖҚЗ ҒЖ өнімдері мен көрсетілетін қызметтерін ілгерілету мақсатында бизнес-форумдарды өткізуге, халықаралық көрмелерге және т.б. іс-шараларға қатысуға ұйымдастырушылық қолдау мәселесін пысықтау

форумдар, көрмелер қорытындылары бойынша қол қойылған шарттар/меморандумдар

ЦДИАӨМ, СИМ, СІМ, "Astana Hub" ХТ (келісу бойынша)

үнемі

бюджеттен тыс қаражат

77.

"ЖҚЗ ҒЖ өнімдері мен көрсетілетін қызметтері" бағытын Қазақстан Республикасының Сыртқы сауда палатасының көрмелері мен сауда миссияларының тізбесіне қосу

Қазақстан Республикасы Сыртқы сауда палатасының сауда миссияларына, форумдар мен көрмелерге қатысу

ЦДИАӨМ, СИМ, СІМ, "Astana Hub" ХТ (келісу бойынша)

үнемі

бюджеттен тыс қаражат

78.

ЖҚЗ ҒЖ өнімдері мен көрсетілетін қызметтері бойынша қазақстандық каталогты экспортқа тарату

СИМ-ға ақпарат

ЦДИАӨМ, СІМ

жыл сайын (желтоқсан)

бюджеттен тыс қаражат

79.

"Astana Hub" халықаралық технопаркі платформасында ЖҚЗ деректеріне негізделген өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді құру және ілгерілету саласындағы халықаралық компаниялардың тәжірибе алмасу алаңын құру мәселесін пысықтау

қол қойылған шарттар/меморандумдар

ЦДИАӨМ, СІМ, "Astana Hub" ХТ" (келісу бойынша)

2019 – 2021 жылдар

талап етілмейді

80.

ҰҒО-ның негізінде ЖҚЗ және ГАЖ бойынша өңірлік Құзырет орталығын құру мәселесін пысықтау

ҰҒО, ЖҚЗ және ГАЖ өңірлік құзырет орталығы

ЦДИАӨМ, СІМ

2021 – 2022 жылдар

талап етілмейді

81.

ЖҚЗ ҒЖ ресурстарын толық көлемде пайдалану мақсатында топқа кіру мәселесін пысықтау

шарттар/келісімшарттар

ЦДИАӨМ, СІМ

2019 – 2022 жылдар

бюджеттен тыс қаражат

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

"Astana Hub" ХТ

-

"Astana Hub" халықаралық технопаркі

ISO

-

халықаралық стандарттау ұйымы

"Kazakh Tourism ҰК" АҚ

-

"KazakhTourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

"KazakhExport" ЭСК" АҚ

-

"KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамы

"Азық түлік корпорациясы" ҰК" АҚ

-

"Азық-түлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

АКТ

-

ақпараттық коммуникациялық технологиялар

АӨК

-

агроөнеркәсіптік кешен

АШМ

-

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

АХҚО

-

"Астана" халықаралық қаржы орталығы

БҒМ

-

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

"Бәйтерек ҰБХ" АҚ

-

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

"Болашақ" ХБО

-

"Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығы

БПжАҰО

-

Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы

"Даму" КДҚ" АҚ

-

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы

ДСМ

-

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

ЖАО

-

жергілікті атқарушы органдар

ЖҚЗ ГАЖ

-

жерді қашықтықтан зондтау және геоақпараттық жүйелер

ЖҚЗ ҒЖ

-

жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі

"Зерде" ҰИКХ" АҚ

-

"Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамы

ИИДМ

-

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

"Қазақстан астықты өңдеушілер одағы" ЗТБ

-

"Қазақстан астық өңдеушілер одағы" заңды тұлғалар бірлестігі

"Қазақстанның астық одағы" ЗТБ

-

"Қазақстанның астық одағы" заңды тұлғалар бірлестігі

"Қазтеміртранс" АҚ

-

"Қазтеміртранс" акционерлік қоғамы

"ҚазТОҚ" ЗТБ

-

"Қазақстандық вагондар (контейнерлер) тасымалдаушылары мен операторлары қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі

Қаржымині

-

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

ҚДБ

-

"Қазақстанның даму банкі" акционерлік қоғамы

"ҚДБ-Лизинг" АҚ

-

"ҚДБ-Лизинг" акционерлік қоғамы

"ҚҚБ" АҚ

-

"Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы

"ҚҚҚ" ЗТБ

-

"Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі

"ҚТЖ" ҰК" АҚ

-

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

"ҚТКФ" ҰТКК АҚ

-

"Қазтеңізкөлікфлоты" ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы" акционерлік қоғамы

МЖӘ

-

мемлекеттік-жекешелік әріптестік

МСМ

-

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ

-

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы

СИМ

-

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

СІМ

-

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

ТМКҚ

-

Тау-кен өндірушілері және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы

ҰБ

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

ҰҒО

-

Ұлттық ғарыш орталығы

ҰКП

-

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы

ҰЭМ

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

ЦДИАӨМ

-

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

ЭМ

-

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады