Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 14-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

      2. Жоспардың орындалуына жауапты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері Жоспарды іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.М. Сапарбаевқа жүктелсін.

      4. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 29 қаңтардағы
№ 14-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с №

Іс-шаралар

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімдері

Болжанатын шығыстар*

1

2

3

4

5

6

Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде, оның ішінде теміржол, автомобиль, әуе, теңіз көлігі объектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық режимді күшейту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ДСМ, ИИДМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері

апта сайын

талап етілмейді

2

ҚХР-дан келген барлық адамдарға тұратын жері бойынша медициналық бақылау белгілеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ДСМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері

апта сайын

талап етілмейді

3

Медициналық ұйымдардың коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге дайындығын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ДСМ, Қаржымині, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері

апта сайын

талап етілмейді

4

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің қызметкерлерін, медицина қызметкерлерін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған жеке қорғаныш құралдарымен (респираторлар) қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ДСМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері

апта сайын

талап етілмейді

5

Медициналық ұйымдарды коронавирустық инфекция ошақтарын жою үшін дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ДСМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері

2020 жылғы қаңтар-ақпан

талап етілмейді

6

Коронавирустық инфекциямен ауырған жағдайда халық үшін жеке қорғаныш құралдарының (медициналық маска) қажетті қорын жасау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ДСМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері

2020 жылғы қаңтар-ақпан

талап етілмейді

7

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ДСМ, ІІМ, ИИДМ, Қаржымині, СІМ, МСМ, ҰҚК ШҚ (келісу бойынша)

ай сайын

талап етілмейді

8

Мыналарды:
қажетті медициналық бұйымдарды, зертханалық жабдықтарды, профилактикаға, диагностикаға, емдеуге және дифференциалды диагностикаға арналған құралдарды;
- жеке қорғаныш құралдарын;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткізу пункттерінде байланыссыз термометрияға арналған жабдықтарға қызмет көрсету бойынша шығыс материалдары мен көрсетілетін қызметтерді;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткізу пункттеріне арналған байланыссыз термометрияға арналған қосымша жабдықтарды сатып алу үшін заңнамада белгіленген тәртіппен Үкімет резервінен қаражат бөлу жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ДСМ, Қаржымині, ҰЭМ, Әділетмині, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері

2020 жылғы қаңтар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві

9

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін ҚХР азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз режимнің қолданылуын тоқтата түру жөнінде шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МСМ, Әділетмині, ІІМ, ҰЭМ, Қаржымині, ҰҚК (келісу бойынша)

2020 жылғы қаңтар

талап етілмейді

10

ҚХР-дағы Қазақстан Республикасының азаматтарын вирустың таралуы бойынша жағдайдың дамуы туралы профилактика шаралары бойынша ұсынымдарды жеткізе отырып, тұрақты (аптасына кемінде 1 рет) хабардар етуді қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

СІМ, АҚДМ, ДСМ

ай сайын

талап етілмейді

11

Қажет болған жағдайда ҚХР- да коронавирустық инфекцияның таралу ошақтарынан қазақстандық студенттерді шұғыл эвакуациялауды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

СІМ, ИИДМ, ДСМ, ІІМ, БҒМ

2020 жылғы ақпан

талап етілмейді

12

Мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлерінің ҚХР-ға қызметтік іссапарларын шектеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

СІМ, ОМО, ЖАО

ай сайын

талап етілмейді

13

Халық арасында ҚХР-ға (туристік, қызметтік, жеке сапарлар) шығуды шектеу жөніндегі ұсынымдармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

АҚДМ, СІМ, ДСМ, МСМ

ай сайын

талап етілмейді

14

Одан әрі ұзарту мүмкіндігімен "Қорғас" ШЫХО қызметін 2 апта мерзімге уақытша тоқтата тұру бойынша шектеу шараларын енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Алматы облысының әкімдігі, ИИДМ

2020 жылғы қаңтар

талап етілмейді

15

Қазақстан Республикасы азаматтарының, оның ішінде қазіргі уақытта ҚХР аумағындағы студенттер мен оқушылардың тізімдерін өзектілендіру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

СІМ, ҰҚК (келісу бойынша)

апта сайын

талап етілмейді

16

Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі іс-қимылды үйлестіру мақсатында ҚХР-дың және басқа да мүдделі елдердің мемлекеттік органдарымен жедел ақпарат алмасуды ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ДСМ, СІМ

апта сайын

талап етілмейді

17

Туристік фирмаларға коронавирус ауруы тіркелген елдерге туристердің сапарларын шектеудің орындылығы туралы ұсынымдар жіберу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МСМ, ДСМ

2020 жылғы қаңтар

талап етілмейді

18

ҚХР аумағындағы қазақстандық азаматтарға консультациялық және өзге де көмек көрсету мақсатында олармен жұмысты жандандыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

СІМ

2020 жылғы қаңтар

талап етілмейді

19

Қазақстан Республикасына еңбек көші-қоны арнасы бойынша келетін ҚХР азаматтарының тізімін өзектілендіру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Еңбекмині, СІМ

апта сайын

талап етілмейді

20

ҚХР-мен:
- Қазақстан Республикасы және ҚХР азаматтарының Қазақстанға шығатын орындарында ҚХР аумағында бақылауды күшейту;
- ҚХР-да жүрген қазақстандық студенттерге және Қазақстан Республикасының басқа азаматтарына медициналық көмек көрсету;
Қазақстан Республикасы азаматтарына ҚХР-дан Қазақстан Республикасына шығуға;
- Қазақстан тарапына ҚХР-дағы ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты ұсынуда жәрдемдесу мәселелерін пысықтау

ақпарат

СІМ, ҰҚК (келісу бойынша), ДСМ

2020 жылғы ақпан

талап етілмейді

21

ҚХР азаматтары үшін электрондық визаларды (Е-виза) ресімдеуді тоқтата тұру жөнінде шараларды қолдану

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰҚК (келісу бойынша), ІІМ, МСМ,

2020 жылғы қаңтар

талап етілмейді

      Ескертпе:

      1) * қаржыландыру адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар туындаған жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві есебінен жүзеге асырылатын болады;

      2) аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚДМ - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

      Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

      БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

      ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

      Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      ЖАО - жергілікті атқарушы органдар

      ИИДМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

      "Қорғас" ШЫХО - "Қорғас" шекарамаңы ынтымақтастығының халықаралық орталығы

      ҚХР - Қытай Халық Республикасы

      МСМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

      ОМО - Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары

      СІМ — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

      ҰЭМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

      ҮҚК ШҚ - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі

      ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады