Қазақстанның су кеңесін құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № 47-ө өкімі.

      Қазақстанның су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстанның су кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.

      3. "Қазақстанның су ресурстарын басқару мәселелері жөнінде ведомствоаралық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 141-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 9 наурыздағы
№ 47-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстанның су кеңесінің құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 04.10.2022 № 158-ө өкімімен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; ҚР Премьер-Министрінің 28.11.2023 № 187-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі

      Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

      Қазақстан Республикасының Көлік министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      Еркін Нұрланұлы Тәжғалиев – "Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры
(келісу бойынша)

      Саят Құрбанбайұлы Әлімқұлов – "География және су қауіпсіздігі институты" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Жигули Молдақалықұлы Дайрабаев – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша)

      Дулат Қажкенұлы Қалитов – "Геотерм" өндірістік компаниясының бас директоры (келісу бойынша);

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 9 наурыздағы
№ 47-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстанның су кеңесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстанның су кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Кеңес Қазақстанның су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында құрылды.

      3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 28.11.2023 № 187-ө өкімімен.

      5. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда бір реттен сиретпей өткізіледі.

2. Кеңестің міндеттері

      6. Кеңестің міндеті:

      1) су шаруашылығы саласындағы саясаттың ұлттық басымдықтары;

      2) өзендер бассейндері мен бассейндер ішінде, сондай-ақ секторлар бойынша (ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік және коммуналдық секторлардың басымдықтарын біріктіру) сумен жабдықтау саласында ұлттық басымдықтарды айқындау;

      3) өңірлер мен тұтынушылар арасында су ресурстарын қайта бөлу, қажет болса, квоталар белгілеу;

      4) су ресурстары саласында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі стандарттарды айқындау;

      5) сала үшін қаржыландыру қағидалары (мемлекеттік/жеке қаржыландыруға қол жеткізу және тұтынушылардан алынатын жалпы төлемдер);

      6) су шаруашылығы секторының ұйымдастырушылық саясатын айқындау мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар тұжырымдау;

      7) трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп пайдалану бойынша шекаралас елдермен өзара іс-қимыл жасау мәселелері жөнінде ұстанымдар мен тәсілдер тұжырымдау;

      8) жерасты суларын зерделеу, оларды ұтымды пайдалану, сарқылудан және ластанудан қорғау саласындағы ұлттық басымдықтарды айқындау болып табылады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 28.11.2023 № 187-ө өкімімен.

3. Кеңес жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі

      7. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 28.11.2023 № 187-ө өкімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады