Катар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл-Тәнидің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 10 қазандағы № 164-ө өкімі.

      2022 жылғы 10 – 14 қазан аралығында Астана қаласында Катар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл-Тәнидің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын (бұдан әрі – сапар) дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісу бойынша) осы өкімге қосымшаға сәйкес белгіленген тәртіппен "1+12" форматы немесе өзаралық қағидаты бойынша Катар Мемлекетінің ресми делегациясының мүшелеріне жоғары деңгейде қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2022 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының мемлекеттік функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер" бағдарламасы, 028 "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы медициналық ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету" бағдарламасының 100 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы" кіші бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Катар Мемлекетінің ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайында (ауа райы қолайсыз болған жағдайда Қарағанды қаласының әуежайы резервтік нұсқа ретінде), тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Катар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл-Тәнидің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайында қонуын және ұшып шығуын (ауа райы қолайсыз болған жағдайда Қарағанды қаласының әуежайы резервтік нұсқа ретінде);

      2) Астана қаласының әуежайында (ауа райы қолайсыз болған жағдайда Қарағанды қаласының әуежайы резерв ретінде) арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды;

      3) Қарағанды облысының әкімдігімен бірлесіп (ауа райы қолайсыз болған жағдайда Қарағанды қаласының әуежайы резерв ретінде), Катар Мемлекетінің ресми делегациясын Қарағанды қаласынан Астана қаласына дейін жол жүруін қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      6. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының медициналық орталығы (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, Катар Мемлекетінің ресми делегациясы мүшелеріне "сол күні" нәтижесі шығатын ПТР-тестілеуді бюджет қаражаты есебінен өткізуді, сондай-ақ қажет болған жағдайда Катар Мемлекеті ресми делегациясының басшысы мен мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін.

      7. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрімен (келісу бойынша) бірлесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан Катар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл-Тәнидің құрметіне берілетін қабылдау (бейресми қабылдау) кезінде концерттік бағдарламалар ұйымдастыруды және іс-шараларға қажетті техникалық қолдау көрсетуді (дыбыстық, жарықпен қамтамасыз ету және сахнаны безендіру) қамтамасыз етсін.

      8. Астана қаласының әкімдігі Катар Мемлекетінің ресми делегациясын әуежайда қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын, әуежайды және көшелерді безендіруді, баратын орындарда бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламалар ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      9. Қарағанды облысының әкімдігі (ауа райы қолайсыз болған жағдайда Қарағанды қаласының әуежайы резерв ретінде) Катар Мемлекетінің ресми делегациясын Қарағанды қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсін.

      10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (келісу бойынша) мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Катар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл-Тәнидің ресми қарсы алу және шығарып салу, Астана қаласында құрметті қарауылды қамтамасыз ету, сондай-ақ Отан қорғаушылар монументіне гүл шоқтарын қою рәсімдеріне қатыссын.

      11. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісу бойынша) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Катар Мемлекетінің ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында (ауа райы қолайсыз болған жағдайда Қарағанды қаласының әуежайы резерв ретінде) қарсы алу және шығарып салу кезінде тиісті жәрдем көрсетуді қамтамасыз етсін.

      12. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 10 қазандағы
№ 164-ө өкіміне
қосымша

Катар Мемлекеті ресми делегациясының басшысы мен мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. 2022 жылғы 10 – 14 қазан аралығында Катар Мемлекеті ресми делегациясының басшысы мен мүшелерін ("1+12" форматы немесе өзаралық қағидаты бойынша) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін Астана қаласындағы қонақ үйге орналастыру.

      2. Баспа өнiмдерін (бейдждер, сапар бағдарламасы, автомобильдерге арнайы рұқсаттамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар және т.б.) дайындау.

      3. Катар Мемлекеті ресми делегациясының басшысы мен мүшелерін қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шай дастарқанын және гүлмен безендіруді ұйымдастыру.

      4. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә.А. Смайыловтың атынан Катар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл-Тәнидің құрметіне берілетін қабылдаулар (таңғы, түскі, кешкі ас), бейресми қабылдаулар, сондай-ақ техникалық үстелдер ұйымдастыру.

      5. Катар Мемлекеті ресми делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.

      6. Іс-шаралар өткізілетін орындарды техникалық қамтамасыз ету, тақырыптық және гүлмен безендіру.

      7. Катар Мемлекеті ресми делегациясының басшысы мен мүшелеріне 2022 жылғы 10 - 14 қазан аралығында көліктік қызмет көрсету.

      8. Катар Мемлекеті ресми делегациясының басшысы мен мүшелеріне медициналық қызмет көрсету.

      9. Өткізілетін іс-шаралардың стенографиялық жазбасын қамтамасыз ету.

      10. Астана қаласында шағын және кеңейтілген форматтарда келіссөздер мен қабылдаулар өткізу үшін залдарды жалға алу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады