"Каратау" акционерлiк холдинг компаниясы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 8 маусым 1994 ж. N 238-ө

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 2 мамырдағы тапсырмасын орындау үшiн және "Қаратау" акционерлiк холдинг компаниясы кәсiпорындарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етудiң маңыздылығын ескерiп:
      1. "Қаратау" акционерлiк холдинг компаниясы "Планмарине" швейцар фирмасының қатысуымен ұсынған, осы компания кәсiпорындарының өнiм берiп тұруы орнына табиғи газ алу схемасы мақұлдансын.
      "Қаратау" акционерлiк холдинг компаниясының "Планмарине" фирмасы алдындағы мiндеттемелерiн орындау есебiне оған өз өнiмiн экспортқа шығару құқығы берiлсiн.
      2. "Тұранбанк" Қазақ акционерлiк банкi мәмiленiң қаржы шарттары сақталуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн және 1994 жылғы 10 маусымға қарай "Планмарине" фирмасына тиiстi банк кепiлдiктерiн беретiн болсын.
      3. "Южказэнерго" энергетика және электрлендiру өндiрiс бiрлестiгiне берме негiздегi газдан өндiрiлген электр қуатын Жамбыл ГРЭС-i мен электр желiлерi кәсiпорындарының нормативтi шығындарына қарай, бұл газды берiп тұру графигiне сәйкес уағдаластық бағамен (АҚШ долларындағы бағамы бойынша) босатуына рұқсат етiлсiн.
      4. "Алаугаз" мемлекеттiк холдинг компаниясы мен "Жетiсугаз" мемлекеттiк кәсiпорны Өзбекстаннан газды уағдаластық негiзде қабылдауды, оны ең төменгi тариф бойынша тасымалдауға жұмсалған технологиялық ысырапты ескере отырып "Қаратау" акционерлiк холдинг компаниясымен, "Жетiсугаз" мемлекеттiк кәсiпорнымен және Жамбыл ГРЭС-iмен келiсiлген көлемде Жамбыл ГРЭС-i мен "Қаратау" акционерлiк холдинг компаниясының кәсiпорындарына тасымалдауды және жеткiзiп берудi қамтамасыз етсiн.
      5. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Мемлекеттiк басқару органдары бөлiмiне жүктелсiн.

      Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады