Электроэнергия және темiр жол тасымалының тарифтерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 19 тамыз 1994 ж. N 330-ө


     Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1994 жылғы 28 
шiлдедегi N 296 өкiмiне сәйкес:
     1. Электрэнергиясы және темiр жол тасымалының тарифтерi
жөнiнде мына құрамда комиссия құрылып, оған энергия көздерi,
электрэнергиясы және жүктердi темiр жол көлiктерiмен тасымалдау
бағасын келiсу жөнiнде өкiлеттiк және Қазақстан Республикасының
Министрлер Кабинетiне ұсыныстар енгiзу құқығы берiлсiн:

Шевелев В.В.      - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда
                    министрiнiң орынбасары (комиссия жетекшiсi)
Анафин Е.Х.       - Қазақстан Республикасы Энергетика және көмiр
                    өнеркәсiбi министрiнiң орынбасары
Иманбердиев Б.Ж.  - Қазақстан Республикасы Көлiк және 
                    коммуникациялар министрлiгiнiң Алматы темiр
                    жолы қаржы қызметiнiң бастығы
Клякин В.В.       - Қазақстан Республикасы Энергетика және көмiр
                    өнеркәсiбi министрлiгiнiң Көмiр өнеркәсiбi бас
                    басқармасының бастығы
Мұсағалиев Т.Х.   - Қазақстан Республикасы Энергетика және көмiр
                    өнеркәсiбi министрлiгiнiң "Қазақстанэнерго"
                    Мемлекеттiк электрэнергетикасы компаниясының
                    вице-президентi
Радостовец Н.В.   - Қазақстан Республикасы Баға және монополияға
                    қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитет
                    төрағасының орынбасары
Сегал И.П.        - Қазақстан Республикасы Көлiк және 
                    коммуникациялар министрлiгi Темiр жол көлiгi
                    департаментiнiң директоры
Тiлеубаев Р.О.    - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда
                    министрлiгiнiң Экономика және нарықтық 
                    қатынастар департаментiнiң бас маманы
     2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң,
Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң, Энергетика және көмiр
өнеркәсiбi министрлiгiнiң өнеркәсiп орындары арасында өзара есеп
айырысу жөнiнде мына құрамда комиссия құрылып, оған өнеркәсiп
орындары арасындағы өзара есеп айырысу мәселелердi келiсу жөнiнде
өкiлеттiк және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне
ұсыныстар енгiзу құқығы берiлсiн:

Оспанов Х.А.      - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда
                    министрiнiң орынбасары (комиссия жетекшiсi)
Барамысова Г.А.   - Қазақстан Республикасы Энергетика және көмiр
                    өнеркәсiбi министрлiгiнiң экономикалық саясат
                    бөлiмiнiң бастығы
Мұсағалиев Т.Х.   - Қазақстан Республикасы Энергетика және көмiр
                    өнеркәсiбi министрлiгiнiң "Қазахстанэнерго"
                    Мемлекеттiк электрэнергетикасы компаниясының
                    вице-президентi
Ольшевская С.Н.   - Қазақстан Республикасы Көлiк және 
                    коммуникациялар министрлiгiнiң бухгалтерлiк
                    есеп және есеп беру бөлiмiнiң бастығы
Снегирева В.А.    - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда
                    министрлiгiнiң Экономика және нарықтық 
                    қатынастар департаментiнiң бас маманы



      Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады