Карағанды қаласындағы аэропорт туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 23 тамыз 1994 ж. N 335-ө

      Қарағанды қаласындағы аэропорт құрылысын аяқтауды жылдамдату және Қазақстан Республикасының халықаралық әуе тасымалындағы өскелең сұранысын қанағаттандыру мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, "Қазақстан әуе жолы" Ұлттық акционерлiк компаниясы халықаралық талаптарды басшылыққа алып, бiр ай iшiнде Қарағанды қаласындағы аэропорт кешенiнiң жобасын Қазақстан Республикасының ҰҚК және Қаржыминiмен келiсiп, құрылысты аяқтау үшiн қаржы және материалдық-техникалық ресурстардың негiзделген есебiн тапсырсын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономминi, Қаржыминi 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Экономикасын жаңғырту қорынан қаржы бөлiнуiн (1 тармаққа сәйкес тапсырылған есептердiң негiзiнде) және Қарағанды қаласындағы аэропорт кешенiнiң құрылысын аяқтау үшiн инвестициялық шаралардың жүзеге асырылуын көздесiн.
      3. Қазақстан Республикасы Экономминiнiң жанындағы шетел инвестициялары жөнiндегi ұлттық агенттiк Қарағанды қаласында салынып жатқан аэропорт кешенiнiң мұқтажы үшiн ұзақ мерзiмдi валюта кредитiн бөлу мүмкiндiгiн қарасын.
      4. Қазақстан Республикасының Экономминi Қарағанды облысының әкiмiмен, мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына ұсыну үшiн Қарағанды қаласындағы аэропорт аумағында еркiн экономикалық аймақ ұйымдастыру туралы материалдарды бiр ай iшiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс етсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Қазақстан әуе жолы" Ұлттық акционерлiк авиакомпаниясымен бiрлесiп жеке жоба бойынша Қарағанды бiрiккен авиаотрядын акционерлеу жөнiндегi ұсынысты зерттеп, 1994 жылдың IV тоқсанында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне тапсырсын.
      6. Қазақстан Республикасының ҰҚК мен Қаржыминi "Қазақстан әуе жолы" Ұлттық акционерлiк авиакомпаниясымен бiрлесiп Қарағанды қаласындағы аэропорт кешенiнiң құрылысы аяқталған соң өткiзу пунктiн ашу және оған халықаралық мәртебе беру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
      7. "Қазақстан әуе жолдары" Ұлттық акционерлiк авиакомпаниясы самолет парктерiн жаңарту және Қарағанды бiрiккен авиаотрядына кадр даярлау жөнiнде шаралар қабылдасын.

      Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады