Қазақстанда жүгері өсіру жөніндегі келісімді жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1995 жылғы 13 қаңтардағы N 16

      Республика кәсiпорындарының жүгерi дәнiне және оның өндiрiсiне арналған ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарына деген қажетсiнуiне байланысты: 
      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Американың "Транс-Кем" корпорациясы арасындағы Қазақстанда 100 мың гектарға дейiнгi алқапта жүгерi өсiру үшiн кешендi технология енгiзу жөнiндегi жасалған Келiсiм мақсатқа сай деп танылсын. 
      2. Қазақстан Эксимбанкi ұсынылып отырған жобаның экономикалық негiздемесiне сараптама жүргiзсiн және оны ауыл шаруашылығы желiсi бойынша тартылатын шетел инвестициялары жөнiндегi перспективалық жоспарлар тiзбесiне енгiзу туралы мәселенi шешу үшiн сараптама нәтижесiн 1995 жылғы 20 наурызға дейiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсынсын.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлді - ҚР Премьер-Министрiнiң 1995.03.16. N 109 Өкiмiмен.
      3. Қазақстан Эксимбанкi АҚШ Эксимбанкiмен Кредиттiк Келiсiм жасассын. Оның күшiне енуi - сараптама нәтижесi бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жобаны мақұлдаған жағдайда анықталады. 
      4. Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi Қазақстан Эксимбанкiне кредиттi өтеу жөнiндегi тиiстi мiндеттемелерi бар жүгерi өсiру технологияларын алушы кәсiпорындар мен ұйымдардың тiзiмiн 1995 жылғы 1-ақпанға дейiн беретiн болсын. 
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Эксимбанкiмен Кредиттiк Келiсiмге қол қою үшiн технология алушылардың мiндеттемелерi жөнiндегi үйлестiрушiнi анықтасын. 
      5. Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi 1995 жылғы 1-ақпанға дейiнгi мерзiмде әр облыста 50 мың гектар алқапқа жүгерi өсiру жөнiндегi американың "Транс-Кем" корпорациясының ұсынған жобасы бойынша техникалық-экономикалық негiздеме әзiрлесiн. 
      6. Ауыл шаруашылығы министрлiгi белгiленген мерзiмде берешектi өтеу жөнiнде барлық қажеттi шараларды қамтамасыз етсiн. 
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экспорт-импорт банкiне қажет болған жағдайда тиiстi кредит келiсiмiнiң күшiн тоқтатуға рұқсат етiлсiн. 
      7. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi жүгерi өсiру жөнiндегi жобаның орындалуына бақылау жасайтын болсын. 

      Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады