Азиялық даму банкiнiң өкiлдiгi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң Өкiмi 1995 жылғы 3 наурыздағы N 86

      Азиялық даму банкiнiң (бұдан әрi - АДБ) Миссиясы мен өкiлдiгiнiң тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi ұйымдық жағдайлар жасау мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi АДБ жиырма қызметкерiне бiр жыл мерзiмге ресми ұсынылған тiзiмге сәйкес қысқа мерзiм iшiнде сан рет пайдаланылатын виза берудi қамтамасыз етсiн.
      2. Осы келiсiмге сан рет пайдаланылатын визаның қолданылу мерзiмiнде VIR аэрофлот қызметiн пайдалануға рұқсат етiлсiн.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қаржы министрлiгiнiң Бас кеден басқармасы, Сыртқы iстер министрлiгi осы мақсатта қажеттi шаралар қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Iс Басқармасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Шаруашылық Басқармасымен бiрлесiп АДБ Миссияларының қызметкерлерiне Алматыдағы басты қонақ үйлерден орын дайындауды қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Меммүлiккомы Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, бiр ай iшiнде АДБ өкiлдiгiн Қазақстанда орналастыру туралы мәселенi пысықтасын.
      5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қаржы министрлiгiнiң өтiнiмi бойынша Қазақстан Республикасында АДБ өкiлдерi үшiн Алматыда халықаралық байланыс желiлерiн, кәрездi байланыс және радиотелефон орнатуды қамтамасыз етсiн.
      6. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Iс Басқармасы екi апта мерзiм iшiнде АДБ-нiң процедуралары мен стратегиялары жөнiндегi семинар бағдарламасын Премьер-министрдiң қарауына енгiзсiн.
      7. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Iс Басқарушысының бiрiншi орынбасары Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсiн.

      Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады