Арал теңiзi айдыны проблемалары жөнiндегi Мемлекетаралық Кеңес құрамы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1995 жылғы 6 наурыздағы N 88-р Өкiмi

      Арал теңiзi мен Арал өңiрi проблемаларын шешу жөнiндегi ОрталықАзия мемлекеттерiмен бiрлескен iс-қимыл жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру, Арал аймағын экологиялық сауықтыру мен әлеуметтiк-экономикалық қамтамасыз ету және Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы дирекциясымен өзара iс-қимыл жасаумақсатында:
      1. Арал теңiзi айдыны проблемалары жөнiндегi Мемлекетаралық Кеңес құрамына Қазақстан Республикасынан мыналар енгiзiлсiн:
Есiмов А.С.       - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң
                    орынбасары;
Қыпшақбаев Н.Қ.   - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi
                    жанындағы Су ресурстары жөнiндегi комитеттiң
                    төрағасы
Медведев С.А.     - Қазақстан Республикасының Экология және
                    биоресурстар министрi
Сағадиев К.Ә.     - Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым
                    академиясының президентi (келiсiм бойынша)
Шаухаманов С.Ш.   - Қызылорда облысының әкiмi

      2. Халықаралық Аралды құтқару қоры басқармасының құрамына енгiзу үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрi А.С. Павловтың және Қазақстанның мемлекеттiк Даму банкiнiң төрағасы Б.I.Iзтiлеуовтың кандидатуралары бекiтiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Су ресурстары жөнiндегi комитет пен Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi Қызылорда облысының әкiмiмен бiрлесiп, екi ай мерзiм iшiнде Арал теңiзi мен Арал өңiрi проблемалары жөнiнде, сондай-ақ Арал жөнiндегi Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесiн құру туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулысының жобасын әзiрлесiн.
 
      Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады