Шетелге iссапарларға бару туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 1995 жылғы 15 қарашадағы N 459

      1. Валюталық қаржының шектеулiгiне және атқару органдарының қайта ұйымдастырылуына байланысты Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң, басқа да орталық және жергiлiктi атқару органдары қызметкерлерiнiң шетелге iссапарларға баруы 1995 жылдың аяғына дейiн тоқтатылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерi мен өзге де орталық және жергiлiктi атқару органдары басшыларының шетелге iссапарлары жөнiнде құжаттарын ресiмдеу кезiнде елдiң сыртқы саяси ведомствосы арқылы шақыру туралы растамаға сұрау салсын, ал, Қазақстан делегациясы барған кезде - шақырған тараптың сыртқы iстер министрлiгiне нота тәртiбiмен хабар берсiн.

      Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады