Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнің құзыретін ұзарту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрi Бiрiншi орынбасарының 1995 жылғы 23 наурыздағы N 7-15-ө өкімі

      1. Алдағы уақытта, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң мiндеттерi айқындалғанға дейiн, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (Қалмырзаев С.С.) өзiне жүктелген мiндеттердi атқаруды жалғастыра бередi және өзiнiң құзырына енетiн шешiмдердi қабылдайды.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы Ережелердiң жобаларын белгiленген тәртiппен республика Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне ұсынсын.
 

    Премьер-министрдiң
    бiрiншi орынбасары



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады