Бiрыңғай тендер жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Респубилкасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 4 қаңтар N 2

      1. Белгiленген процедуралар және Халықаралық Қайта жаңғырту және Даму банкi мен тәртiбi бойынша компьютерлер мен жабдықтар сатып алуды тиiмдi жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет қалған 3 805 618 (үш миллион сегiз жүз бес мың алты жүз он сегiз) АҚШ доллары мөлшерiндегi займ сомасына бiрыңғай тендер жүргiзудi ұйымдастырсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет тендерлiк ұсыныстарына баға беру үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне келiсiлген ведомствоаралық комиссия құрамын ұсынсын.
      3. Тендер өткiзуге және сатып алынған компьютерлер мен жабдықтарды тиiсiнше бөлуге бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитетке жүктелсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады