Бюджеттiк қаражаттарды тиiмдi және мақсатты пайдалану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 31 қаңтардағы N 46

      Бюджеттiк қаражаттарды тиiмдi және мақсатты пайдалану тұрғысында:
      1. 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджетте тұратын Қазақстан Республикасы Гидрометеорология жөнiндегi бас басқарманың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарындағы шаруашылық жүргiзудiң жаңа шарттарының күшi жойылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджетте тұратын Қазақстан Республикасы Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасы мен оның ведомстволық бағыныстағы мекемелерiнiң шығыстарын жоспарлау мен қаржыландыруды Қазақстан Республикасының бюджеттiк мекемелер үшiн белгiленген тәртiпке сәйкес жүзеге асырсын.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады