Қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 31 қаңтардағы N 48

      Республиканың ұлттық игiлiгi болып табылатын ежелгi өнер мен көркем қолөнерi бiрегей туындыларының сенiмдi сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жаңа экспозицияларды ұйымдастыруға, экспонаттарды жаңғыртуға және қалпына келтiруге, арнайы құрал-жабдықтар алу мен күзет сигнализацияның монтажына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервтiк қорынан 20 (жиырма) млн. теңге, соның iшiнде:
      Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне 11 (он бiр) млн. теңге, одан Мемлекеттiк орталық музей үшiн 7,7 млн. теңге (жетi миллион жетi жүз мың) және Алтын және асыл металдар музейiне 3,3 млн. теңге (үш миллион үш жүз мың);
      Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясына Марғұлан атындағы Археология институтының археология музейi үшiн 9 (тоғыз) млн. теңге бөлiнсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады