Бұйымдарды экспорттау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 11 қыркүйек N 432-ө

      1. "Қазақстан Республикасындағы тауарлардың (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспорты мен импортының тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 наурыздағы N 298 P960298_ қаулысына сәйкес "ДАСУ" акционерлiк қоғамына "Этна" акционерлiк қоғамымен (Нижний Новгород қаласы) 1996 жылғы 19 наурызда жасалған N 35.95.02/95013700 шартқа орай Ресейге құрамында 2 радиоизотоптық жуандық өлшегiшi бар 4 америция-241 көздерiн (СЭҚ ТН коды 2844) әкетуге рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi "ДАСУ" акционерлiк қоғамына өнiмнiң аталған көлемiн беруге белгiленген тәртiппен лицензия берсiн.
      3. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы жанындағы Атом энергиясы жөнiндегi агенттiкке жүктелсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады