"Балқашмыс" акционерлiк қоғамын жекешелендiру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 11 қыркүйек N 434-ө

      "Балқашмыс" акционерлiк компаниясын жекешелендiру туралы тендер жариялануына байланысты және "Ridder-Invect" инвестициялық компаниясына сырттай басқаруға берiлген Шығыс Қазақстан облысының түстi металлургия кәсiпорындарынан шикiзат жеткiзiлуiнiң қажеттiгiн ескере отырып, қайта құру рәсiмдерiн жүргiзу кезеңiнде "Балқашмыс" акционерлiк компаниясының өндiрiстiк қызметiн қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Балқашмыс" акционерлiк компаниясын жекешелендiру жөнiнде тендер өткiзу кезiнде тендердiң шарттарының бiрi ретiнде "Ridder-Inbect" инвестициялық компаниясының басқаруына берiлген кәсiпорындардан әкелiнген шикiзаттар үшiн кредиттiк берешектердi қайтаруды айқындасын.
      2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi тендердiң қорытындысы бойынша "Ridder-Inbect" инвестициялық компаниясына қымбат металдардың жеткiзiлген күнгi бағалары мен шарттарына сәйкес құнын төлеуге кепiлдiктер беру туралы шартты қосу арқылы жеңiмпазбен контракт жасасын. Төлем жасауды контрактiге қол қойған уақыттан бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде жүзеге асырсын.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады