Баку қаласындағы босқындар лагерiндегi босқындарға iзгiлiк көмегiн көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 1 қараша N 499-ө

      1. Баку қаласындағы босқындар лагерiндегi босқындарға iзгiлiк көмегiн көрсету, он күн мерзiм iшiнде Әзiрбайжан Республикасының Баку қаласына жүк жөнелтудi қамтамасыз ету мақсатында.
      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi жалпы сомасы 500 (бес жүз) мың теңгеге дәрi-дәрмектi алып жүрушiнi, оны жинақтау мен ұшаққа тиеудi қамтамасыз етсiн.
      Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясы:
      10 тонна 1 сорт ұнды,
      10 тонна 2 сорт ұнды
      10 тонна күрiштi мемлекеттiк ресурстардан босатсын және алып барушы мен оларды ұшаққа тиеудi қамтамасыз етсiн.
      "Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк авиакомпаниясы ИЛ-76 ұшағын бөлсiн және iзгiлiк көмегi жүгiн Баку қаласының әуежайына жеткiзудi қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi iзгiлiк көмегi жүгiне белгiленген көлем шегiнде лицензия берудi қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi iзгiлiк көмегi жүктерi үшiн кеден бажын алмасын.
      5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi iзгiлiк көмегi жүктерiн күтiп алу мен арналған жерiне табыс етудi ұйымдастырсын.
      6. Iзгiлiк көмегiн көрсету мен мемлекеттiк резервтiң орнын толтыру жөнiндегi көлiк және iссапар шығыстарын қоса алғандағы барлық шығыстар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше жағдайларды қаржыландыруға арналған резерв қорының есебiнен жасалсын.

     Iзгiлiк көмегiн көрсету жөнiндегi аталған шығыстарды
қаржыландыру үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше
жағдайларды қаржыландыруға арналған резерв қорынан Қазақстан
Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне
5500 мың (бес миллион бес жүз мың) теңге бөлiнсiн.
     7.
<*>

     Ескерту. 7-тармақ күшiн жойды - ҚР Премьер-Министрiнiң 1996.
              11.08. N 508 өкiмiмен.  

R960508_

 

     Премьер-Министрдiң
     бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады