Кредиторлық берешектi өтеудi қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 9 желтоқсандағы N 556

      Жамбыл Жабаевтың туғанына 150 жыл толуын мерекелеу әзiрлiгiне байланысты нақты орындалған құрылыс-монтаж және жүргiзiлген жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары үшiн 68,9 млн. (алпыс сегiз миллион тоғыз жүз мың) сомасында жинақталып қалған кредиторлық берешектi өтеудi қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Жамбыл облысы әкiмiнiң "Жамбыл Жабаевтың туғанына 150 жыл толуына әзiрлiк және оны өткiзу жөнiндегi республикалық штаб туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 15 сәуiрдегi N 440 P960440_ қаулысының 5-тармағын орындамағаны атап өтiлсiн.
      Жамбыл облысының әкiмi 1996 жылдың 10 желтоқсанына дейiн Халықаралық Жамбыл Қорының шотына 1 (бiр) миллион теңге аударуға мiндеттелсiн.
      2. Алматы облысының субвенция құрамында Жамбыл Жабаевтың туғанына 150 жыл толуына әзiрлiк және оны өткiзуге байланысты орындалған жұмыс үшiн берешектi өтеуге арналған 43,1 млн. (қырық үш миллион бiр жүз мың) теңге қаражат бары ескерiлсiн.
      3. Қалған кредиторлық берешектi:
      Ауыл шаруашылығын қолдау қоры 1996 жылға қалған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң 5,9 (бес миллион тоғыз жүз мың) млн. теңге сомасындағы;
      орталықтандырылған шаралар жөнiндегi қаражат 1996 жылға қалған Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiнiң 9,0 (тоғыз) млн. теңге сомасындағы;
      Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң қаражаты, 1996 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген 9,9 (тоғыз миллион тоғыз жүз мың) млн. теңге сомасындағы өтеу көздерi деп белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Мәдениет министрлiгi мен Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Халықаралық Жамбыл Қорының шотына 3-тармақта көрсетiлген сомаларды 1996 жылдың 10 желтоқсанына дейiн аударатын болсын.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады