Қаржы бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 21 қаңтардағы N 8

      1. Қызылорда облысының әкiмiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды қоса алғанда, төтенше жағдайлар мен шараларды қаржыландыруға арналған резерв қорынан Қызылорда қаласындағы өрт зардаптарын жою мен 6-ЖЭО-ны қалпына келтiру үшiн 10 (он) миллион теңге бөлiнсiн.
      Аварияны жоюға жетпей тұрған сома жергiлiктi бюджет, сондай-ақ

мүдделi кәсiпорындар мен ұйымдардың қаражаты есебiнен жабылсын.
     2. Қызылорда облысының әкiмi 1997 жылдың бiрiншi тоқсанының
нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар
жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне орындалған жұмыстың көлемi мен құны
туралы баяндасын.
     3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы
Қаржы-валюта бақылау комитетi бөлiнетiн қаражаттың қатаң мақсатқа сай
пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етсiн.

     Премьер-Министрдiң
     бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады