Республикалық бюджеттен алынған қаражатты қайтаруды қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 6 тамыздағы N 264

      Республикалық бюджеттен алынған қаражатты сөзсiз қайтаруды қамтамасыз ету және шетел несиесiн уақытында өтеу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi "Кең дала" акционерлiк қоғамымен бiрлесiп екi апта мерзiмде АҚШ несиесiн өтеуге арналған кепiл мiндеттемелердi тиiстi түрде ресiмдеудi қамтамасыз етсiн.
      2. "Кең дала" акционерлiк қоғамына екi апта мерзiмде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жобаны жүзеге асырудың схемасын және республикалық бюджетке ақша қаражатын өтеудiң тетiгiн табыс ету, сондай-ақ астықты жинауды, сатуды және одан түскен қаражатты шетел несиесi бойынша берешектi өтеуге бағыттау ұсынылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      "Кең дала" акционерлiк қоғамымен бiрлесiп кепiлдiң құрылымын өзгерту және астықты сатуға және әкетуге арналған келiсiм-шарттар жасау жөнiндегi "Кең дала" акционерлiк қоғамының барлық iс-қимылын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен мiндеттi түрде келiсу туралы келiсiмдi әзiрлесiн және жасасын;
      түскен қаражаттың шетел несиесi бойынша берешектi өтеуге мақсатты бағытталуы үшiн бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады