Бiрлескен ғылыми зерттеу ұйымын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 11 тамыздағы N 265

      М.В.Ломоносов атындағы Москва мемлекеттiк университетi, Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының және Бiлiм және мәдениет министрлiгiнiң арасындағы тығыз ғылыми-техникалық байланыстарды,
      Қазақстан Республикасынан жыл сайын оқуға қайтарымсыз негiзде 100 студент пен аспирант қабылдаудың қалыптасқан тәжiрибесiн,
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мүддесiнде ғылыми зерттеулердiң тиiмдiлiгiн арттыру және жоғары бiлiктi ғылыми кадрлар даярлау қажеттiлiгiн ескере отырып,
      ММУ-дың Қазақстан Республикасындағы ғылыми, мәдениет пен ғылыми инфрақұрылымды дамытудағы орасан зор үлесiн мойындай отырып:
      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы 1996 жылғы 25 қарашадағы Келiсiмге сәйкес (5 және 6-баптар):
      1. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы бiр ай мерзiм iшiнде М.В.Ломоносов атындағы ММУ мен тепе-тең негiзде В.Г.Фесенков атындағы астрофизика институтының Тянь-Шань биiк таулы астрофизика обсерваториясының негiзiнде бiрлескен ғылыми зерттеу ұйымын (Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясын) ұйымдастырсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен акивтердi басқару департаментi белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiм iшiнде бiрлескен ғылыми-зерттеу ұйымының меншiгiне Тянь-Шань биiк таулы астрофизика обсерваториясының оның қалалық инфрақұрылымын қоса алғандағы мүлкiн тапсырсын.
      3. Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы ММУ-дың басшылығымен бiрлесе отырып, екi ай мерзiм iшiнде бiрлескен ғылыми-зерттеу ұйымы - Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясын қаржыландыру мен басқару мәселелерiн шешсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады