Халық пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi табиғи газбен жабдықтау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 15 тамыздағы N 276. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1997.09.22. N 1368 қаулысымен.

      Халық пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi табиғи газбен iркiлiссiз жабдықтау, қысқы жылыту кезеңiне дайындалу, сондай-ақ ұсынылған газ үшiн қаражаттардың қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi мен "Трактебель С.А." компаниясының қызметi тұтынушыларды табиғи газбен жабдықтауға және ұсынылған газ үшiн қаражаттардың қайтарылуын қамтамасыз етуге бағытталатын жабық үлгiдегi акционерлiк қоғам нысанындағы бiрлескен кәсiпорын құру туралы, сондай-ақ құрылатын бiрлескен кәсiпорынға қатысушылардың құрамына өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiретiн, төлем жасауға қабiлеттi iрi қазақстандық кәсiпорындарды енгiзу туралы;
      "Трактебель С.А." компаниясының өз қаражаты есебiнен республиканың газ қоймасына қысқы жылыту кезеңiнде пайдалану үшiн кемiнде 500 миллион текше метр газ қою туралы ұсыныстары назарға алынсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару жөнiндегi департаментi:
      құрылатын бiрлескен кәсiпорынға Қазақстан жағынан қатысушыларды айқындасын;
      Қазақстан Республикасының Үкiметiне оған газды Алматы, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан облыстары мен Алматы қаласының тұтынушыларына сату жөнiндегi дистрибьютердiң функцияларын жүктей отырып Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын құру туралы ұсыныс енгiзсiн;
      белгiленген тәртiппен "Алматыгаз", "Алаугаз" (Оңтүстiк Қазақстан облысы), "Жамбылгаз" акционерлiк қоғамдарынан көрсетiлген қоғамдардың жарғылық қорына кiргiзiлмеген жоғары және орташа қысымдағы газ құбырлары мен олардағы құрылыстарды ол мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн құрылатын мемлекеттiк кәсiпорынның балансына беру туралы мәселенi шешсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен "Трактебель С.А." компаниясына кейiннен газдың осы көлемiн сатудан түскен қаражатты роялти бойынша өтеудiң есебiне республикалық бюджетке жолдау арқылы 1997 жылғы 14 шiлдедегi Қазақстан Республикасы мен "Трактебель С.А." компаниясының арасындағы газ көлiгi жүйесiнiң концессиясы шартында көзделген роялтидi төлеудiң есебiне 500 миллион текше метр газды сатып алуды, тасымалдауды және сақтауды жүзеге асыруға рұқсат етсiн.
      4. Осы өкiмнiң атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi Ө.Е.Шүкеевке жүктелсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады