Тұрғын үй-коммуналдық реформасын одан әрi дамыту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 1998 жылғы 22 шілде N 140-ө

      Тұрғын үй-коммуналдық реформасын одан әрi дамыту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 29 мамырдағы N 889 P970889_ , 1997 жылғы 13 тамыздағы N 1256 P981256_ және 1997 жылғы 22 желтоқсандағы N 1813 P971813_ қаулыларының атқарылуына бақылау жасауды қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
      1) 1998 жылдың 1 қазанына дейiн бақылау-өлшеу құралдарын орнату бөлiктерiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Жылуды, ыстық және суық суды тұтыну нормаларын қолдануды ретке келтіру туралы" 1997 жылғы 29 мамырдағы N 889, "Судың, газдың және жылудың жұмсалуын есептейтiн отандық құралдар өндiрiсi мен оларды орнатудың пилоттық жобасы туралы" 1997 жылғы 13 тамыздағы N 1256 қаулыларының орындалуын қамтамасыз етсiн. Жұмыстардың барысы туралы ай сайын ағымдағы айдың 5-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiкті қорғау жөнiндегi комитетiне баяндасын;
      2) кондоминиумның қазіргі бар объектілеріне қатысушылар жер учаскелеріне құқықтарды ресімдеуді қамтамасыз ету үшін екі айлық мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Кондоминиум үй-жайларының меншік иелеріне (қатысушыларына) жер учаскелерін берудің тәртібін бекіту туралы" 1997 жылғы 22 желтоқсандағы N 1813 қаулысымен бекітілген Кондоминиум үй-жайларының меншік иелеріне (қатысушыларына) жер учаскелерін берудің тәртібінде көзделген дайындық іс-шараларының кешенін аяқтасын.

 

     Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.01.07. N 2 өкімімен.



R990002_



     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі жәрдемақыларды

төлеудiң уақыттылығы бойынша тұрғын үй жәрдемақылары орталықтарының

қызметіне тексеру жүргізсiн. Жолсыздықтар анықталған жағдайда тиiстi

шаралар қабылдасын.


     Премьер-Министр



     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Икебаева Ә.Ж.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады