Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1996 жылғы 24 маусымдағы N 296 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1998 жылғы 22 шілдедегі N 142-ө

 

      Осы заманғы Олимпиадалық ойындардың 100 жылдығына арналған Қазақстан Республикасы Президентінің жүлделері үшін өткізілетін 1-ші ашық халық спорт ойындарының өткізу мерзімдері мен жерінің ауыстырулуына байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1996 жылғы 24 маусымдағы N 296 өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      мәтіндегі "Қазақстан Республикасының Жастар ісі, туризм және спорт министрлігінің", "Қазақстан Республикасының Жастар ісі,туризм және спорт министрлігіне", "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі", "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі", деген сөздер "Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің", "Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы "1997 жылдың 21-25 мамырында Алматы қаласында" деген сөздер "1998 жылдың 21-25 тамызында Астана қаласында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта: № "Облыстар мен Алматы қаласының" деген сөздер "Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Алматы қаласында"№деген сөздер "Астана және Алматы қалаларына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтағы "Алматы қаласының" деген сөз "Астана қаласының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат істері жөніндегі ұлттық агенттігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

 

     13-тармақтағы "1996-1997 жылдары"  деген сөздер "1998 жылы" деген

сөздермен ауыстырылсын.

     14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

     "14. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан

Республикасы Президентінің жүлделері үшін өткізілетін 1-ші ашық халық спорт

ойындарын 1998 жылға арналған республикалық бюджетте "Демалысты ұйымдастыру

және мәдениет саласындағы қызмет" деген 08 функционалдық тобының "Дене

тәрбиесі мен спорт жөніндегі шаралар" кіші бағдарламасы бойынша көзделген

қаражат шегінде қаржыландыруды жүзеге асырсын";

     аталған қаулының қосымшасында:

     ұйымдастыру комитетінің құрамына:

     Көшербаев Қ.Е.     - Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет

  №№ №№                   және денсаулық сақтау министрі,

                          ұйымдастыру комитетінің төрағасы


     Досмұхамбетов Т.М. - Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет

                          және денсаулық сақтау министрлігі

                          Туризм және спорт комитетінің төрағасы,

                          ұйымдастыру комитеті төрағасының

                          орынбасары


     Жалмағамбетова С.  - Ақмола облысы әкімінің орынбасары,

                          ұйымдастыру комитеті төрағасының

                          орынбасары


     Мұхамеджанов Т.М.  - Астана қаласы әкімінің орынбасары,

                          ұйымдастыру комитеті төрағасының

                          орынбасары


     Кәкенова Қ.Ғ.      - Ақмола облыстық туризм және спорт

                          басқармасының бастығы,

                          ұйымдастыру комитетінің мүшесі


     Дрютов Н.С.        - Астана қаласының Туризм және

                          спорт комитетінің төрағасы,

                          ұйымдастыру комитетінің мүшесі


     Алпысбаев М.А.     - Қазақстан Республикасы Білім,

                          мәдениет және денсаулық сақтау

                          министрлігі Туризм және спорт

                          комитетінің дене тәрбиесі және

                          сауықтыру жұмыстары бөлімінің

                          бастығы, ұйымдастыру комитетінің

                          мүшесі


     болып енгізілсін;

     И.Н.Тасмағамбетов, Б.О.Исабаев, И.О.Оразбақов, В.Я.Угреннинов, С.А.

Ғалиев аталған құрамнан шығарылсын.


 
 
       Премьер-Министр
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады