Қоныс аудару шараларын ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 1998 жылғы 28 шілдедегі N 145

 

      "1998 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 3 сәуірдегі N 3894 U983894_ Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 10, 71-құжат) мен "1998 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 3 сәуірдегі N 3894 Жарлығының іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі N 376 P980376_ қаулысын іске асыру мақсатында, қоныс аудару шараларын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, сондай-ақ репатрианттардың болған елдерінде және тарихи отанына келуі жолында кепілдендірілген медициналық қызмет көрсету үшін:
      1. Сауд Аравиясы Корольдігінен, Иран Ислам Республикасынан және Түрік

 

Республикасынан - Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография жөніндегі

агенттігінің төрағасы З.Қ. Тұрысбеков;

     Монғолиядан, Пәкістан Ислам Республикасынан және Қытай Халық

Республикасынан - Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография

жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары С.Ш.Шаухаманов қоныс аудару

шараларын ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушілер болып

тағайындалсын.

     2. Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі

агенттігі мен Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері

мына елдерге жіберілсін:


                     Иран Ислам Республикасы


     Тұрысбеков З.Қ.            - Қазақстан  Республикасы Көші-қон

                                  және демография жөніндегі

                                  агенттігінің төрағасы


     Ізбанов М.К.               - Қазақстан Республикасы Көші-қон

                                  және демография жөніндегі

                                  агенттігінің басқарма бастығы


                   Сауда Аравиясы Корольдігі


     Қонақбаев М.Ж.             - Қазақстан Республикасы Көші-қон

                                  және демография жөніндегі       

                                  агенттігінің бас маманы



                    Қытай Халық Республикасы


     Шаухаманов С.Ш.            - Қазақстан Республикасының Көші-қон

                                  және демография жөніндегі агенттігі

                                  төрағасының орынбасары


                    Пәкістан Ислам Республикасы   


     Жиенбаев Е.Р.              - Қазақстан Республикасының Көші-қон

                                  және демография жөніндегі

                                  агенттігінің бөлім бастығы


                           Монғолия


     Байғазин М.Ж.              - Қазақстан Республикасы Көші-қон

                                  және демография жөніндегі       

                                  агенттігінің бас маманы


     Бодауханұлы К.             - Алматы облыстық Көші-қон

                                  және демография жөніндегі       

                                  басқармасының бөлім бастығы


     Тілеубекова Б.Т.           - Қазақстан Республикасы Білім,

                                  мәдениет және денсаулық сақтау

                                  министрлігінің Денсаулық сақтау

                                  комитеті Мемсанэпидқызмет

                                  басқармасының бөлім бастығы


                         Түрік Республикасы 


     Тоқсанбаев М.Е.            - Қазақстан Республикасы Көші-қон

                                  және демография жөніндегі       

                                  агенттігінің бас маманы


     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан

Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігіне 1998 жылға

арналған республикалық бюджетте, олардың қоныс аударуы бойынша көлік

шығыстарын қаржыландыруға көзделген қаражаттың есебінен, репатрианттардың

қоныс аударуын ұйымдастыру мақсатында барушыларға іссапарлық шығыстар

бөлсін.


     Премьер-Министр












Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады