Реформалардың жекелеген бағыттарын iске асыру жөнiндегi жауапты мемлекеттiк органдарын белгiлеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 1 тамыздағы N 148

      Мемлекеттiк сектордың ресурстарын пайдалануды жақсарту бойынша реформалар кешенiн iске асыру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру мақсатында:
      1. Реформалардың жекелеген бағыттарын iске асыру жөнiндегi жауапты мемлекеттiк органдар ретiнде мыналар белгiленсiн:
      1) мемлекеттiк инвестициялар мен макроэкономикалық болжамдар бағдарламаларын қалыптастыру мен орындау саласында - Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Экономикалық жоспарлау жөнiндегi комитетi;
      2) бюджеттiк процесс, аудит және сырттан қарыз алу саласында - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi;
      3) тұрғын үй-коммуналдық салада - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Тұрғын үй-коммуналдық реформасы жөнiндегi комиссиясы және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi;
      4) әкiмшiлiк реформалар саласында - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Мемлекеттiк қызметтi реформалау жөнiндегi комиссиясы және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi.
      2. Осы өкiмнiң 1-тармағында көрсетiлген жауапты орындаушылардың жұмысына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсiн.
 
      Премьер-Министрi
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады