"Фосфор" жабық акционерлік қоғамының мәселелері жөнінде жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 29 мамыр N 72-ө

     1. Банкроттық рәсімін тездеп аяқтау жөнiнде ұсыныстар жасау, еңбекке

 

ақы төлеу жөніндегі берешектерді өтеу мәселелерін шешу, өндірісте еңбек

қабілеттілігін жоғалтуына байланысты жәрдемақылар төлеу және басқа

әлеуметтік кепілдіктер мен "Фосфор" жабық акционерлік қоғамын (бұдан

әрі - "Фосфор" ЖАҚ) бұдан былайғы қаржылық сауықтыру тетіктерін

айқындау мақсатында мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:


     Әблязов Мұхтар           - Қазақстан Республикасының

     Қабылұлы                   Энергетика, индустрия және сауда

                                министрі, топ жетекшісі


     Нефедов Петр             - Қазақстан Республикасы

     Петрович                   Премьер-Министрінің кеңесшісі, топ

                                жетекшісінің орынбасары


     Ертілесова Жаннат        - Қазақстан Республикасының Қаржы

     Жұрғалиқызы                бірінші вице-министрі


     Кәрібжанов Қайрат        - Қазақстан Республикасы Көлік,

     Сәлімұлы                   коммуникациялар және туризм

                                вице-министрі


     Самофалов Евгений        - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің

     Анатольевич                бірінші орынбасары


     Розе Виталий Егорович    - Қазақстан Республикасының

                                Президенті Әкімшілігінің

                                мемлекеттік инспекторы (келісім бойынша)


     Нүкішев Азат             - "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және

     Ғалымұлы                   тарату жөніндегі агенттік"

                                акционерлік қоғамының президенті


     Цой Павел Николаевич     - "Фосфор" акционерлік қоғамының

                                конкурстық басқарушысы (келісім бойынша)



     Нұртаев Бекмырза         - "Фосфор" акционерлік қоғамы еңбек

                                ұжымының өкілі (келісім бойынша)


     2. Жұмыс тобы 1999 жылғы 15 маусымға дейінгі мерзімде "Фосфор"

ЖАҚ өндірістік қызметін қайта бастауды және "Фосфор" акционерлік

қоғамының қызметкерлеріне жинақталып қалған берешектерді төлеуді

қамтамасыз ететін тиісті шешімдер жобасын дайындап, Үкіметке енгізсін.


     Премьер-Министр




     Оқығандар:

           Омарбекова А.

           Қасымбеков Б.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады