Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 1-тармағы 5) тармақшасының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі N 661 қаулысымен бекітілген, "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналарының, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ережесінің" 4-тармағы 1) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2004 жылғы 20 сәуірдегі N 3 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, төраға Ю.А.Хитрин, Кеңес мүшелерi Х.Ә.Әбiшев, Қ.Ж.Балтабаев, С.Ф.Бычкова, А.Есенжанов, А.К.Котов және Қ.Ә.Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың:
      өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi - республика Жоғарғы Сотының судьясы Ю.А.Пономаренконың,
      республика Бас прокурорының орынбасары А.Қ Дауылбаевтың,
      республика Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Б.З.Әшитовтiң, республика Әдiлет вице-министрi Ж.К.Асановтың қатысуымен,
      өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Pecпубликасы Жоғарғы Сотының, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  23-бабының  1-тармағы 5) тармақшасын және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 4 шiлдедегi N 661  қаулысымен  бекiтiлген, "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесiнiң"  4-тармағы  1) тармақшасын конституциялық емес деп тану туралы ұсынысын қарады.
      Қолдағы бар конституциялық iс жүргiзу материалдарын, оның iшiнде сарапшы - заң ғылымының кандидаты, ҚазГЗУ жеке құқық ҒЗИ-дiң ғылыми қызметкерi Е.Б.Осиповтiң қорытындысын зерделеп, баяндамашы - Конституциялық Кеңестің мүшесi Қ.Ж.Балтабаевтың хабарлауын, өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң және отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерiн тыңдап, Қазақстан Pecпубликасының Конституциялық Кеңесi мынаны анықтады:

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне Республика Жоғарғы Сотының, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  23-бабы  1-тармағының 5) тармақшасын және Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2003 жылғы 4 шiлдедегi N 661  қаулысымен  бекiтiлген, "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесiнiң" (бұдан әрi - Ереже)  4-тармағының  1) тармақшасын конституциялық емес деп тану туралы ұсынысы келiп түстi.
      Азамат И.А.Кистердiң қолданыстағы зейнетақы туралы заңнама оның конституциялық құқықтарын бұзатындығы туралы талап-арызы бойынша Республика Жоғарғы Соты бiрiншi сатыдағы сот ретiнде қарап жатқан азаматтық iс Конституциялық Кеңеске жүгiнуге себеп болған.
      И.A.Кистep өз өтiнiшiнде Қазақстан азаматы екенiн және тұрақты тұру үшiн ГФР-ге кеткiсi келетiнiн, бiрақ "Сенiм" Ашық жинақтаушы қоры" ЖАҚ оның зейнетақы жинақтарын төлеуден бас тартқанын атап көрсетедi.
      Бұл iстi қарау барысында Жоғарғы Сот қолданыстағы зейнетақы туралы заңнаманың нормалары Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасы Конституциясының  26-бабының  2-тармағымен және  39-бабының  3-тармағымен баянды етілген құқықтарына нұқсан келтіреді деген қорытындыға келіп, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  23-бабы  1-тармағының 5) тармақшасын және Ереженiң  4-тармағының  1) тармақшасын конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгiнген.
      Зейнетақы туралы заңнаманың өтiнiште көрсетiлген нормаларының конституциялылығын тексерген кезде Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны негiзге алады.

       1.  Конституцияның  1-бабының  1-тармағына сай Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары. Бұл аталған тармақ, Қазақстан Республикасы, мемлекеттiң мүмкiншiлiгiне қарай отырып, өзiнiң азаматтарына игiлiктi өмiр сүру үшiн жағдай жасауға және жеке адамның еркiн дамуы арқылы әлеуметтiк теңсiздiктi жұмсартуға мiндеттеме алатын мемлекет ретiнде дамуға ниет танытатынын бiлдiредi (Республика Конституциялық Кеңесiнiң 2001 жылғы 21 желтоқсандағы N 18/2  қаулысы ).
      Меншiк құқығы адамның және азаматтың негiзгi құқықтарының бiрi болып табылады, ол Қазақстан Конституциясымен танылады және кепiлдiк берiледi. Конституцияның  26-бабына  сай Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады (1-тармақ). Конституцияның бұл аталған бабында (2-тармақ) сондай-ақ меншiк, оның iшiнде мұрагерлiк құқығына заңмен кепiлдiк берiлетiнi атап көрсетiледi.
      Негiзгi заңның  6-бабының  1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады. Конституцияның  6-бабының  2-тармағына сай "меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игiлiгiне де қызмет етуге тиiс. Меншiк субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленедi". Бұл аталған конституциялық нормалар, меншiк қатынастарын құқықтық реттеудiң негiзгi принциптерi мен бастауларын бекiтетiн болғандықтан, айқындаушы маңызға ие екенiн және олардың Негiзгi Заңның "Жалпы ережелер" деп аталатын  I бөлiмiнде  берiлгенiн атап өткен жөн (Конституциялық Кеңестiң 2000 жылғы 7 маусымдағы N 4/2  қаулысы ).
      Бұл келтiрiлген нормалар, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген өзге де әлеуметтiк-экономикалық құқықтарды, оның iшiнде зейнетақымен қамсыздандыру құқығын да iске асыру үшiн конституциялық алғышарттар жасайды.
      Конституцияның  28-бабының  1-тармағына сай Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген жағдайда және өзге де заңды негiздерде оған ең төменгi зейнетақының мөлшерiне, әлеуметтiк қамсыздандырылуына кепiлдiк берiледi. Конституциялық Кеңестiң 1999 жылғы 12 наурыздағы N 3/2  қаулысында  28-баптың 1-тармағын түсiндiрген кезде, құқықтардың немесе бостандықтардың нақты бiр түрiнiң конституциялық құқық деңгейiне жеткiзiлуi және  Конституцияда  оның кепілділігінің жариялануы мемлекеттің осы құқықтар мен бостандықтарды өзі құрайтын жүйелер мен құрылымдар арқылы жүзеге асыруды қамсыздандыруды өз міндетіне алғандығын білдіреді, деп түсіндірілген болатын. Зейнетақы алуға деген конституциялық құқықты қамтамасыз етудiң және жүзеге асырудың құқықтық механизмдерi "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының  Заңында , сондай-ақ республиканың өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде бекiтiлген.
      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"  Заң  Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi, мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын iске асыруға қатысуын реттейдi.

       2.  Зейнетақы қоры мен азаматтың арасында қалыптасатын құқық қатынастарының құқықтық табиғаты, азаматтық заңдармен реттелетiн тауар-ақша қатынастарынан және мүлiктiк қатынастарға қатысушылардың теңдiгiне негiзделген өзге де қатынастардан өзгешеленедi. Салымшы мен жинақтаушы зейнетақы қорының арасындағы қатынастар Конституцияның, соған сәйкес келетiн заңдардың және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде қалыптасады. Зейнетақылық құқық қатынастары қатысушылардың теңдiгiне қарай құрылмайды, олар көбiнесе жария-құқықтық сипатқа ие болады.
      Мiндеттi зейнетақы жарналары уақытылы ұстап қалынбаған (есептелмеген) және (немесе) аударылмаған жағдайларда мемлекет, салық органдары арқылы, заңнамамен көзделген мәжбүрлеп өндiрiп алу шараларын қолдануға хақылы.
      Мiндеттi зейнетақы жарналарының салушысы мен жинақтаушы зейнетақы қоры мiндеттi зейнетақы жарналарының есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың тараптары болып табылады. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт орындалуы мiндеттi шарттар түрiне жатады, тараптардың мiндетi "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"  Заңның  талаптарымен көзделедi. Конституцияда ( 28-баптың  1-тармағы) және соған сәйкес қабылданған "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"  Заңда  белгiленген шарттар болған кезде салымшылар ала алатын зейнетақы осы шарттың нысаны болып табылады.
      Салымшының жеке зейнетақы шотында ескерiп отыратын зейнетақы жинақтары оның меншiгi болып табылады, бiрақ, Конституцияның  6-бабы  2-тармағының және  28-бабы  1-тармағының талаптарына орай, салымшы заңға сәйкес зейнетақы алуға құқық беретiн белгiлi бiр заңдық фактi туындағанға дейiн уақытша зейнетақы жинақтарына билiк ете алмайды және оларды пайдалана алмайды. Бұл қаражат зейнетақы туралы заңнамаға сәйкес азаматтың иелiгiне өткен кезде ғана, жинақтаушы шоттардағы зейнетақы жинақтарына толық меншiк құқығы пайда болады.

       3.  "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңның  2-бабының  2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады, бұл Негізгі Заңның  12-бабының  4-тармағына сай келеді. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кеткен кезде шетелдiк азамат пен азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандырылу құқығынан айрылады. Осылайша, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңның  2-бабында  бекiтiлген зейнетақы кепiлдiктерiнiң бұл адамдарға қатысты қолданылуы тоқтатылады. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру осы аталған кепiлдiктер таралуының қажеттi шарты болып табылады. Бұл, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кеткен кезде зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың тоқтатылатынын бiлдiредi. Егер зейнетақы төлемдерiн алу - шарттың талаптарын орындау болса, онда қайтарып алу - шартты мерзiмiнен бұрын бұзу болып табылады.
      Конституцияның  28-бабының  1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдарға ең төменгi зейнетақының мөлшерiне кепiлдiк берiледi. Өзге мемлекеттердiң азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының зейнетақы туралы заңдарымен белгiленген зейнетақы жасына келiп, бұл адамдардың республиканың зейнетақы қорларында зейнетақы жинақтары болмаған жағдайда, егер республиканың заңдарында немесе халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы оларды ең төменгi зейнетақы мөлшерiмен қамтамасыз етпейдi.
      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңның  23-бабы  1-тармағының 5) тармақшасында және  27-бабы  1-тармағының 8) тармақшасында, салымшылардың зейнетақы жинақтарын алып қоюы мәселелерi заңнамамен реттелуге тиiс деп көзделген. Осы норманы дамыту мақсатында қабылданған Ереже зейнетақы жинақтары алып қойылатын жағдайлардың толық тiзбесiн көздейдi. Ережеде мұндай зейнетақы жинақтарын алып қоюға салымшылардың - Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың ғана құқылы екендiгi көзделген. Тиiсiнше олардың Қазақстаннан тыс жерлерге кетуi, республикамен, зейнетақы туралы заңнамадан келiп туындайтын, құқықтық қатынастарды тоқтатуға негiз болып табылады.
      Республика азаматы, республика Конституциясының  21-бабында  бекiтiлген өзiнiң құқықтарын жүзеге асыра отырып, тұрақты тұру үшiн Республикадан тыс жерлерге кете алады. Бұл ретте, егер ол зейнетақы жинақтарының бәрiн алып қойған жағдайда, Қазақстан мемлекетi үшiн жоғарыда аталған зейнетақымен қамсыздандырудың конституциялық кепiлдiктерiн толық көлемде қамтамасыз ету мүмкiн болмай қалады.  Конституцияда  және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"  Заңда  белгiленген шарттар (жасы және т.б.) туындағанға дейiн, республика азаматтарының зейнетақы жинақтарын сақтап қалу олардың меншiк құқығына нұқсан келтiрмейдi, керiсiнше, әлеуметтiк құқықтарға кепiлдiктi күшейте түседi. Сондықтан, бұл жағдайда Конституцияның  26-бабының  2-тармағымен көзделген құқықты шектеу туралы сөз болып отырған жоқ. Негізгі Заңның  14-бабында  бекітілген құқықтар мен  бостандықтарға да бұл жерде нұқсан келтiрiлмейдi.
      Сол арқылы, өз азаматтарының алдындағы конституциялық мiндеттерiн орындай отырып, Қазақстан Республикасы шетелдiктер мeн азаматтығы жоқ адамдардың республика Конституциясы мен заңнамасында бекiтiлген әлеуметтiк құқықтарын да сақтау үшiн құқықтық шаралардың белгiлі бiр жүйесiн қалыптастырады.
       Конституцияның  нормаларына жүйелi түрде талдау жасау, зейнетақымен қамсыздандырудың негiзгi мәселелерi меншiк құқығымен тығыз байланысты деген ұйғарым жасауға мүмкiндiк бередi.  39-баптың  3-тармағының ережелерiн, жоғарыда көрсетiлгенiндей, мемлекет пен жеке тұлғаның өзара құқықтары мен мiндеттерiн шешу мәтiнiнде түсiнген жөн.
      Жоғарыда баяндалғанның бәрi де, зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты мәселелер Конституцияның өзiмен регламенттелген және зейнетақы туралы заңнаманың қаралып отырған нормаларының Қазақстан Республикасы Конституциясының  39-бабына  сәйкес еместiгi туралы мәселе туындамайды, деген ұйғарым жасауға мүмкiндiк бередi.
      Осылайша, Конституциялық Кеңес, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  23-бабы  1-тармағының 5) тармақшасы және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 4 шiлдедегi N 661  қаулысымен  бекiтiлген, "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесiнiң"  4-тармағының  1) тармақшасы Қазақстан Республикасы Конституциясының  26   және  39-баптарына  қайшы келмейдi деп есептейдi.
      Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының  72-бабының  2-тармағын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығының  17-бабы  4-тармағының 1) тармақшасын,  31-33  және  37-баптарын 41-бабы  1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi қаулы етедi:

       1.  "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  23-бабы  1-тармағының 5) тармақшасы және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 4 шiлдедегi N 661  қаулысымен  бекiтiлген, "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесiнiң"  4-тармағының  1) тармақшасы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.

       2.  Қазақстан Республикасы Конституциясының  74-бабы  3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының  73-бабы  4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.

       3.  Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жариялансын.

       Қазақстан Республикасы
      Конституциялық Кеңесінің
      төрағасы

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады