Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3 қаулысын Қазақстан Республикасы Конституциясының 79-бабының 1-тармағын ресми түсіндіру бөлігінде қайта қарау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2004 жылғы 18 маусымдағы N 7 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Төраға И.И.Рогов және Кеңес мүшелері Қ.Ә.Әбішев, Қ.Ж.Балтабаев, С.Ф.Бычкова, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың:
      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқық басқармасының сот жүйесі мәселелері жөніндегі бөлім меңгерушісі П.А.Пақырдіновтің,
      Республика Бас Прокурорының орынбасары А.Қ.Дауылбаевтың,
      Республика Әділет вице-министрі С.Н.Баймағанбетовтің,
      Республика Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімгершілігі жөніндегі комитеттің төрағасы В.М.Борисовтың қатысуымен,
      өз бастамасы бойынша ашық отырыста Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің "Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының 1-тармағын, 14-бабының 1-тармағын, 77-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын, 79-бабының 1-тармағын және 83-бабының 1-тармағын ресми түсіндіру туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3  қаулысын  қайта қарау туралы мәселені қарады.
      Қолдағы бар материалдарды зерделеп, баяндамашыны - Конституциялық Кеңестің мүшесі С.Ф.Бычкованы және отырысқа қатысушыларды тыңдап,  Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі  мынаны  анықтады:

      Конституцияның  79-бабының  1-тармағын түсіндірген кезде, Конституциялық Кеңестің қайта қаралып отырған қаулысының уәждеу бөлігінде мынадай деп атап көрсетілген:
      "Аталған Жарлықтың 8-бабының 1-тармағына сәйкес бірінші сатыдағы соттарда істерді қарауды судья жеке, ал ерекше жағдайларда тұрақты үш судьяның құрамында жүзеге асырады" (7-тармақтың екінші абзацы);
      "Қолданылып жүрген заңда белгіленген тұрақты судьялардан тұратын соттармен салыстырғанда бұрын болған халық соттары және басқа елдердегі қазіргі ант берген судьялар судьялардың тұрақтылық және кәсібилік сияқты белгілерін иеленбейді" (7-тармақтың үшінші абзацы).
      Конституциялық Кеңес  қаулысының  қаулы алу бөлігінде мынадай деп белгіленген: "...7. Конституцияның  79-бабының  1-тармағының нормасы мен сот құрылысы туралы қолданылатын заң соттар тек кәсіби, тұрақты судьялар құрамында құрылатынын ескереді. Республикада қолданылатын құқық бойынша соттарды басқа құрамда құру ескерілмеген".
      Республика Конституциясының  79-бабының  1-тармағына ресми түсіндірмені Конституциялық Кеңес "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 7 қазандағы N 284-I  Заң  қабылданғанға дейін берген болатын, бұл заң Негізгі Заңның  75-бабының  2-тармағын мынадай ережемен толықтырды: "заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқа заседательдерінің қатысуымен жүзеге асырылады".
      Осылайша, Конституциялық Кеңестің 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3   қаулысының  уәждеу бөлігі 7-тармағының екінші және үшінші абзацтары және қаулы алу бөлігінің 7-тармағы 1998 жылғы 7 қазандағы редакциясындағы Республика Конституциясының  75-бабының  2-тармағына сәйкес келмейді.
      Баяндалғанның негізінде, "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығының  36-бабы  1-тармағының 1) тармақшасын және 2, 3-тармақтарын, 31-33-тармақтарын,  41-бабы  1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып,  Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі қаулы етеді:

       1.  Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің "Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының 1-тармағын, 14-бабының 1-тармағын, 77-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын, 79-бабының 1-тармағын және 83-бабының 1-тармағын ресми түсіндіру туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3  қаулысы  ережелерінің, Қазақстан Республикасы Конституциясының 79-бабының 1-тармағын "алқа соты институтын" құру мәселесі бойынша ресми түсіндіру бөлігінде күші жойылсын.
      Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3  қаулысының  уәждеу бөлігі 7-тармағының екінші және үшінші абзацтары;
      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3  қаулысының  қаулы алу бөлігінің 7-тармағы.

       2.  Қазақстан Республикасы Конституциясының  74-бабының  3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді және шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті және Қазақстан Республикасы Конституциясының  73-бабының  4-тармағында көзделген ретті ескере отырып, түпкілікті болып табылады.

       3.  Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жариялансын.

       Қазақстан Республикасы
      Конституциялық Кеңесінің
      Төрағасы

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады