Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы N 889 Жарлығына түсініктемесі.

      Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) елдің агроөнеркәсіп кешенін еркін нарықтық экономиканың принциптеріне сәйкес одан әрі дамытуды көздейді.
      Бағдарламаның негізгі мақсаты агроөнеркәсіп кешенінің тиімді жүйесін құру, бәсекеге қабілетті өнім шығару мен ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдау шараларын ұтымды етудің негізінде Қазақстанның азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету деп айқындалған.
      Бағдарламада ағымдағы ахуалға талдау жасалып, проблемалар айқындалған әрі саланы дамытудың шаралары көзделген.
      Жақын кезеңде шешуді талап ететін негізгі проблемалар:
      - азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің тұрлаусыздығы;
      - жер қатынастары мен су пайдалану саласындағы қатынастардың шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесіне сәйкессіздігі;
      - агротехнологиялардың, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен өндірісті техникалық жарақтандырудың төмен деңгейі;
      - отандық өнімнің және оны қайта өңдеу өнімдерінің ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекеге қабілетінің төмендігі;
      - агроиндустриялық секторда капитал айналымы мен инвестициялардың жеткіліксіздігі;
      - ауылда маркетинг, қызмет көрсету және консультация беру қызметтерінің дамымауы деп белгіленген.
      Аталған проблемаларды шешу үшін мынадай маңызды шаралар кешенін іске асыру көзделеді;
      - тамақ өнімдерін тұтынудың ұлттық стандарттарын бекіту, мониторинг және тамақ өнімдеріне экономикалық қол жеткізуді қамтамасыз ету;
      - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жеке меншікке негізделген шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесіне барабар жер қатынастары жүйесін қалыптастыру;
      - ауыл шаруашылығында су пайдалануды реттейтін заңнамалық базаны түзеу және ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларын мемлекеттік қолдау;
      - агрохимиялық қызметті қалпына келтіру және ветеринарияның оңтайлы да тиімді жүйесін жасау;
      - өндіріс пен қайта өңдеудің тікелей интеграцияланған жүйелері негізінде ауыл шаруашылық өнімдерін көтерме сатып алу жүйелерін дамыту;
      -ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеуге кредит берудің көпарналы жүйесін қалыптастыру.
      Бағдарламаның шаралар кешенін іске асыру үшін 2003-2005 жылдары бюджеттік қаржыландыруды 24,5 млрд. теңгеге көбейту көзделіп отыр, оның ішінде жаңа бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға 15,5 млрд. теңге, қазіргі бюджеттік бағдарламаларды кеңейту үшін 9 млрд. теңге бағытталады. Одан басқа, Қазақстан Даму Банкі мен екінші деңгейдегі банктерден 3,4 млрд. теңге қаражат тарту көзделіп отыр. Республикалық бюджет шығыстары ЖІӨ-нің 1,8% құрайды, бұл ағымдағы көрсеткіштен 2 еседей жоғары.
      Бағдарламаны іске асыру еселенген тиімділік арқылы экономиканың басқа салаларының өсуін қамтамасыз етуге, ауыл халқын еңбекпен қамтуға, олардың табысы мен тұрмыс деңгейінің көтерілуіне мүмкіндік береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады