Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасында Каспий теңізі түбін шектеу туралы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының арасындағы келісімге хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2003 жылғы 27 ақпан N 1030

      Қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасында Каспий теңізі түбін шектеу туралы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының арасындағы келісімге Хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер бірінші вице-министрі Қайрат Қуатұлы Әбусейітовке қағидатты сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат ете отырып, Қазақстан Республикасы атынан Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасында Каспий теңізі түбін шектеу туралы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының арасындағы келісімге хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

      (РҚАО-ның ескертуі: Хаттаманың жобасының мәтіні берілмеген. қараңыз. P030194 )

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады