Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 1042 Жарлығы.


  "Актілер жинағында" және
  республикалық баспасөзде
  жариялануға тиіс

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 33-бабының 1-тармағына сәйкес қаулы етемін:

      1. Қoca берiлiп отырған:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегi комиссия туралы ереже;

      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөніндегi комиссияның құрамы бекiтілсiн.

      2. "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Адам құқығы жөнiндегi комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 22 сәуiрдегi № 3470 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 16, 128-құжат; 1998 ж., № 17, 147-құжат; 2000 ж., № 17, 167-құжат; 2001 ж., № 36-37, 463-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

      Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2003 жылғы 19 наурыздағы
№ 1042 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентiнің жанындағы
Aдам құқықтары жөніндегi комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес танылатын және кепілдiк берiлетiн адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепiлi ретiндегi өзiнiң конституциялық өкілеттiктерiн iске асыруына жәрдемдесетiн консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентiнiң 30.03.2004 № 1325; 08.02.2022 № 806 Жарлықтарымен.

      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентiнiң 30.03.2004 № 1325; 08.02.2022 № 806 Жарлықтарымен.

      3. Комиссияның негiзгi міндеттерi:

      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепiлi ретiндегi өзiнiң конституциялық мәртебесiн iске асыруы үшiн жағдай жасау;

      2) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау тетiгiн жетілдiруге жәрдемдесу;

      3) орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөніндегi қызметiне жәрдемдесу;

      4) адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау саласындағы мемлекеттiк саясат тұжырымдамалары мен бағдарламаларын әзiрлеуге қатысу;

      5) адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесу болып табылады.

      4. Комиссияның құзыретi:

      1) Мемлекет басшысына және тiкелей Комиссияға жолданған Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтардың, азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ ұйымдардың адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылу фактiлерi туралы ақпарат бар өтiнiштерiн қарайды;

      2) Мемлекет басшысының атына Қазақстан Республикасындағы адамның және азаматтың құқықтарының ахуалы туралы баяндамалар дайындайды. Бұл баяндамалар баспасөзде жариялануы мүмкін;

      3) Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, өзге де ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстарын қарайды;

      4) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау тетiгiн жетілдiру туралы ұсыныстар әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзедi;

      5) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау мәселелерiн қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасына талдау жасайды, осы мәселелердi реттейтiн заң жобаларын әзiрлеуге қатысады;

      6) адам құқықтары саласындағы халықаралық шарттар бойынша талдау материалдарын, сараптау-ұсынымдық қорытындылар мен ұсыныстар дайындайды;

      7) адам құқықтары жөнiндегi халықаралық ұйымдардың, басқа да үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының жұмысына қатысады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 13.11.2012 № 427 Жарлығымен.

      5. Комиссия өз өкілеттiктерін жүзеге асыру кезінде мемлекеттiк билiк органдарымен, үкіметтiк емес құқық қорғау ұйымдарымен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен белгiленген тәртiппен өзара iс-қимыл жасайды.

      Комиссия адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында құқық қорғау органдарымен, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлмен өзара iс-қимыл жасайды.

      6. Комиссия өзiне жүктелгeн мiндеттердi iске асыру мақсатында:

      1) мемлекеттiк органдардан, сондай-ақ ұйымдар мен лауазымды адамдардан қажеттi мәлiметтердi, құжаттар мен материалдарды сұратып алуға;

      2) өз отырыстарында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге және қорғауға байланысты мәселелер жөнiнде мемлекеттiк органдардың тиiстi лауазымды адамдарының ақпаратын тыңдауға;

      3) уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың адамның және азаматтың құқықтарының бұзылуы туралы мәлiметтi тексеруiне бастамашылық жасауға;

      4) жекелеген жұмыстарды жүзеге асыру үшiн белгiленген тәртiппен ғалымдар мен мамандарды тартуға;

      5) адамның және азаматтың негiзгi құқықтары мен бостандықтарын сақталуына байланысты мәселелердi талқылау үшiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң, сондай-ақ өзге де мемлекеттердiң адам құқықтары жөнiндегi комиссияларымен және басқа да осындай құрылымдарымен ынтымақтастық жасауға құқылы.

      7. Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша оның мүшелерiнiң заңнамада белгіленген тәртiппен мемлекеттiк билiк органдарына, сондай-ақ мемлекеттiк ұйымдарға баруға құқығы бар.

      8. Комиссияның отырыстарында қабылданатын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң назарына жеткiзiлетiн ұсынымдар мен қорытындылар оның шешiмдерi болып табылады.

      Комиссияның ұсынымдары мен шешiмдерi оның отырысқа қатысқан мүшелерi санының жай көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда отырыста төрағалық етушi жақтап дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.

      9. Комиссияның өз өкiлеттiгi шеңберiнде қабылдаған ұсынымдары мен қорытындылары мәселенi шешу құзыретiне кiретiн тиiстi мемлекеттiк органға жолданады.

      Комиссияның ұсынымдары мен қорытындыларын алған мемлекеттiк орган мен оның лауазымды адамдары белгіленген мерзiмде оларды қарауға және қабылданған шешiм туралы оған хабарлауға мiндеттi.

      10. Комиссия Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының ішкі саясат мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Комиссия төрағасынан, хатшысы мен мүшелерiнен тұрады.

      Комиссия төрағасы мен мүшелерi оның жұмысына қоғамдық негiзде қатысады.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентiнiң 30.03.2004 № 1325; 08.02.2022 № 806 Жарлықтарымен.

      11. Комиссия төрағасы Комиссияға жалпы басшылықты жүзеге асырады, Комиссия хатшысы мен мүшелерiне тапсырмалар бередi, оның отырыстарының күн тәртiбiн белгiлейдi, Комиссияның қызметтiк құжаттарына, ұсынымдары мен қорытындыларына қол қояды, адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты кеңестерге қатысады, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының ішкі саясат мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарының келiсуiмен Қазақстан Республикасының Президентiне Комиссия қызметiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.

      Комиссия төрағасы орнында болмағанда, Комиссияның қызметтік құжаттарына, ұсынымдары мен қорытындыларына оның хатшысы қол қояды.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентiнiң 30.03.2004 № 1325; 08.02.2022 № 806 Жарлықтарымен.

      12. Комиссияның отырыстарын оның төрағасы қажетiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет шақырады. Комиссия отырыстарына оның мүшелерiнiң жартысынан астамы қатысса, құқылы болып саналады.

      Комиссия төрағасы орнында болмағанда, оның отырыстарында Комиссия хатшысы төрағалық етедi.

      13. Комиссияның қызметін ақпараттық-талдау және ұйымдық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі жүзеге асырады.

      Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі адам құқықтары мен жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау мәселелері құзырында болатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарына ұйымдастыру-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсетеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 18.09.2021 № 662 Жарлығымен.

      14. Сараптама-талдау зерттеулерiн жүргiзу үшiн Комиссия жанынан ғылыми мекемелер, бiлiм беру ұйымдары мен үкіметтiк емес ұйымдар өкілдерiнен қоғамдық негiзде жұмыс iстейтiн сарапшылық кеңес құрылады. Сарапшылық кеңес құрамы Комиссия отырысында бекiтiледi.

      Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2003 жылғы 18 наурыздағы
№ 1042 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН

      Қазақстан Республикасы Президентiнің жанындағы
Адам құқықтары жөніндегi комиссияның

ҚҰРАМЫ

      Ескерту. Құрамға өзгерістер енгізілді - ҚР Президентiнiң 2004.03.30 № 1325; 2005.05.30 № 1582; 2006.05.30 № 128; 2007.01.08 № 238, 2008.04.24 № 576, 2008.11.12 № 689, 2009.05.22 № 815; 2011.07.26 № 128; 2012.03.13 № 284; 13.11.2012 № 427; 12.02.2014 № 750; 11.04.2014 № 795; 17.09.2014 № 911, 2014.12.04 № 971; 08.02.2016 № 191; 09.06.2016 № 275; 07.09.2016 № 316; 10.10.2016 № 357; 14.03.2017 № 446; 20.10.2017 № 568; 21.02.2018 № 642; 13.06.2018 № 701; 30.10.2018 № 782; 26.02.2019 № 862; 01.06.2019 № 57; 22.07.2019 № 74; 28.10.2019 № 195; 15.09.2020 № 415; 31.03.2021 № 541; 27.08.2021 № 644; 18.09.2021 № 662; 08.02.2022 № 806; 18.01.2023 № 116; 12.10.2023 № 373 Жарлықтарымен.

Рогов Игорь Иванович

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары, Комиссияның төрағасы (келісім бойынша)

Әбішев Тастемір Дәуітұлы

-

қоғам қайраткері, Комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Комиссия мүшелерi:

Шәпкенов Серік Жамбылұлы

-

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі,

Қазкенов Руслан Қазбекұлы

-

"Сіvіс Реасе" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша),

Воронов Виталий Иванович

-

"Алматы заң корпорациясы" қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

Ахметжанова Баян Теміртасқызы

-

"Ардагер" қоғамдық бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша)

Есполов Тілектес Исабайұлы

-

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры (келісім бойынша)

Лукин Андрей Иванович

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

Александр (Могилев Александр Геннадьевич)

-

Қазақстандағы Астана және Алматы Орыс православие шіркеуінің архиепископы (келісім бойынша)

Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлы

-

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

Қасымов Ақылтай Ахметжанұлы

-

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасының төрағасы

Байсақова Зүлфия Мұхамедбекқызы

-

Қазақстан Республикасындағы "Дағдарыс орталықтары одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы (келісім бойынша)

Тұрмағамбетова Жеміс Өтегенқызы

-

"Адам құқықтарын жақтаушы хартия" қоғамдық қорының атқарушы директоры (келісім бойынша)

Волкова Ольга Александровна

-

"Медиалайф" қоғамдық қорының директоры (келісім бойынша)

Соловьева Айгүл Сағадибекқызы

-

жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі "Аймақ" қоғамдық қорының директоры (келісім бойынша)

Сман Айсана Сманқызы

-

"Тұран-Астана" университетінің азаматтық-құқық пәндері кафедрасының профессоры (келісім бойынша)

Жаркенова Светлана Бақытқызы

-

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің еңбек, азаматтық және экологиялық құқық кафедрасының профессоры (келісім бойынша)

Дәулеталин Сағыбалды Төлағысұлы

-

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы (келісім бойынша),

Жасымбекова Светлана Саламатқызы

-

Біріккен Ұлттар Ұйымының Көші-қон агенттігі - Қазақстандағы Халықаралық көші-қон ұйымының көші-қон жөніндегі бағдарламаларының аға ұлттық үйлестірушісі (келісім бойынша),

Өтпенов Наурызбай Тағанұлы

-

бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы (келісім бойынша);

Шипп Денис Алексеевич

-

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы (келісім бойынша),

Асылов Берік Ноғайұлы

-

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары,

Сабитова Айнұр Әлімханқызы

-

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сорбонна – Қазақстан институтының директоры, Комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Есқараев Азамат Несіпбайұлы

-

Қазақстан Республикасының Әділет министрі,

Ластаев Артур Ермекұлы

-

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша),

Нұрбек Саясат

-

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі,

Хасанова Шахноза Кулабдулақызы

-

"Сана Сезім" Әйелдер бастамалық құқықтық орталығы" қоғамдық бірлестігінің директоры (келісім бойынша)

Ударцев Сергей Федорович

-

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы (келісім бойынша)

Балаева Аида Ғалымқызы

-

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі,

Борашева Гүлмира Майорқызы

-

"Қайрат Иманәлиев атындағы мүмкіншілігі шектеулі адамдардың құқықтары жөніндегі комиссия" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша),

Ғиният Ажар

-

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі,

Ехласова Әлия Айтбекқызы

-

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, Комиссия хатшысы,

Жақыпова Светлана Қабыкенқызы

-

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі,

Жұмағали Асхат Жұмағалиұлы

-

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы,

Зәкиева Динара Болатқызы

-

Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша),

Имашева Снежанна Валерьевна

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша),

Ыұртілеу Мұрат Әбуғалиұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі,

Пен Сергей Геннадьевич

-

М.С. Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЗУ университетінің провосты (ректоры),

Сәденов Ержан Сапарбекұлы

-

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Жазықбаев Дархан Медеғалиұлы

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы,

Жүрсінов Рустам Манарбекұлы

-

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл (келісім бойынша),

Нұрғазиева Бану Ғаниқызы

-

"Қазақстанның Азаматтық альянсы" тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша),

Омаров Асқар Қуанышұлы

-

Қазақстан Республикасының Ақпарат қоғамдық даму министрі,

Ударцев Сергей Федорович

-

"Құқық және мемлекет" ғылыми журналының бас редакторы (келісім бойынша);


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады