Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 2 сәуiрдегi N 839 Жарлығына өзгерістеp енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 23 ақпандағы N 289 Жарлығы

Қазақстан Республикасының      
Президенті мен Үкіметі актілерінің 
жинағында жариялануға тиіс     

      ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасын сақтауы мәселелерi жөнiндегi комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 2 сәуiрдегi N 839  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 92-құжат;  N 32, 339-құжат; 2003 ж., N 9, 92-құжат; 2004 ж., N 14, 171-құжат; N 51, 671-құжат; 2005 ж. N 43, 573-құжат, 2006 ж., N 35, 374-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасын сақтауы мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамына:
      Жұмабеков Оңалсын Исламұлы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары, төрағаның орынбасары,
      Ахметжанов Саян Қылышұлы - Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Құқық қорғау және сот жүйелерi мәселелерi бөлiмiнiң бас инспекторы, хатшы,
      Шамсутдинов Ринат Шарафутдинұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Қорғаныс және құқық тәртiбi бөлiмiнiң меңгерушiсi енгiзiлсiн;

      "Имашев Берік Мәжитұлы - Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Имашев Берiк Мәжитұлы - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы, төрағаның орынбасары";

      аталған Комиссияның құрамынан Н.Қ.Әкiмбеков, С.С. Ақылбеков шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады