Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1508 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қарашадағы N 435 Жарлығы

  Қазақстан Республикасы Президенті 
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс          

      1. "Оралмандардың 2005-2007 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1508  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 51, 674-құжат; 2006 ж., N 42, 456-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған Жарлыққа 3-қосымша алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде оралмандардың 2007 жылға арналған көшіп келу квотасын облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша бөлсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады